Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

14 қараша 2017 ж.

Бизнес жоспарлау негіздеріне арналған тренинг

6-10 қараша 2017 жылы Құрық ауылында (Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы) бизнес жоспарлау негіздеріне арналған тренингөтеді. Тренинг ERSAI компаниясының қаржылық қолдауымен Орталық Азияның Евразия Қорының «Құрық ауылында кәсіпкерлік әлеуетті дамыту» жобасының шеңберінде өткізіледі.

Тренинг өтетін жер: Құрық ауылы, Қарақия кәсіптік колледжі, Микрорайон 2 к., 217 үй (кітапхана). Тренингті тәжірибелі бизнес-тренер Асқар Секербаев өткізеді. Жоба шеңберінде Құрық ауылының тұрғындары үшін қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған бірнеше тренингтер, сонымен қатар ауылдың белсенді тұрғындарын іріктеу мақсатында бизнес идеялардың конкурсы өткізілді. Нәтижесінде тренингке қатысу үшін 42 өтініш берілді.

Тренингтің басты мақсаты қатысушылардың ұсынған бизнес идеяларының негізінде жүзеге асатын бизнес жоспар жасау болып табылады. Бес күннің ішінде тренинг қатысушылары бизнес жоспарлаудың негіздерін, сонымен қатар бизнес жоспардың құрылымы, маркетингтік зерттеу жүргізу, бухалтерияны жүргізу, қаржылық есеп жасау, бизнес үлгі стратегиялары және түрлері және т.б. меңгереді. Тренинтің міндеттерінің бірі қатысушыларды ERSAI компаниясы жүргізіп отырған бизнес-стартаптарының ақтық конкурсына дайындау болып табылады.

Тренинг нәтижесінде қатысушылар бизнес жоспарды жазуды, бар өнімдерге/қызметтерге және жергілікті нарыққа талдау жасауды, қаржылық тепе-теңдікті (табыс пен шығын есебі туралы) меңгереді және бизнес жоспарды қорғау үшін тиімді презентация әдістерін үйренеді.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша, өтініш, ОАЕҚ проекттер бойынша ассистенті Әдемі Сақбековаға хабарласыңыз, тел: +7 (727) 250 18 10, моб.: +7 701 841 63 93, немесе электронды почта арқылы: ademi@ef-ca.org

Поделиться страницей: