Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
4 сәуір 2024 ж.
"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз ісін бір жылдың ішінде қалай дамытты?
Бір жыл бұрын алты ақмолалық кәсіпкер эко-, этно-, агротуризмнің дамуына бағытталған “Байтақ жер” жобасының жеңімпаздары болып атанды. Олар оқыту бағдарламасына қатысып, өз жобаларын әзірледі, оларды іске асыру үшін қаржыландыруға ие болды.
Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз тәжірибесімен бізбен үш кәсіпкер бөлісті. Олардың біреуі әлеуметтік инклюзивті туризмді дамытса, екіншісі қуатты сақтау технологияларды қолданады, ал үшіншісі өрттен зардап шеккен демалыс базасын қалпына келтіруде. Үш бірегей әңгімені мақаламыздан оқуыңызға болады.
Инклюзивті туризмге жол ашық!
– “Байтақ жер” жобасының қаржыландыру арқасында қорымыз алғашқы табыс әкеле бастады, – дейді “Батыр” ҚҚ төрайымы Айгүл Болатова.
Целиноград ауданының Ақмол кентінде орналасқан ұйымын бизнесвумен 2012 бастап басқарады. Ол әлеуметтену, инклюзивті туризмді қозғалысында шектеулері бар тұрғындардың (егде адамдар, жүкті әйелдер, дамуында ерекшеліктері бар балалар) арасында насихаттау мақсатымен инклюзия орталығын дамыту идеясымен “Байтақ жер” жобасына келді. Қордың коммерциялық емес ұйымдарға жатқандықтан, қарыздың орнына Айгүл командасы 5 млн мөлшеріндегі қайтармайтын грантқа ие болды. Интерактивті тақта, музыкалық орталық, үш бес қанатты киіз үй және брендтік өнімдерін сатып алуға бағыттады. Жаңа құралдар қор жұмысын едәуір жақсартты:
– Киіз үйлер арқасында біз 1-2 күнге Ақмола өңіріне шығып, саяхаттаймыз. Ерекше қажеттіліктері бар балалармен бірге ата-аналары да жолға шығады. Жобаға қатысу кезінде оқыту бағдарламасы басым бөлігінде мен үшін жаңа болды: маркетинг, экономика, қаржы, бизнес-идея, – деп, “Байтақ жер” жобасына дейін жергілікті тұрғындарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде қызмет көрсеткен әлеуметтік кәсіпкер Айгүл өткен жылды еске түсіреді. Болашақта ол ұйымын ары қарай дамытпақ.
Қуатты әрі экологияны сақтап, бизнесті дамытатын технологиялар
Екі жылға дейін берілетін қарыздың басты шарты Ақмола облысы ауданының бірінде туризм саласындағы кәсіпкерлікпен айналысу болып табылады. Байтақ жердің өткен кезеңінде бұл шартты Марат Алтынбеков орындап, өзінің оқудан өтуі, бизнес-тренерлермен бірлесіп жұмыс істеуі және де бірнеше миллионнан тұратын жобасы жайлы ақпаратпен бөлісті:
– Оқыту кезінде мен қаржы сауаттылығы, гранттық қаржыландыру мүмкіндігі, ҮЕҰ жұмысының ерекшелігі, адамдарды басқару, маркетинг, есеп туралы жаңа білімдерді жинадым, – деді кәсіпкер. – Табыстарды ұлғайтумен қатар шығындар бөлігін де азайту аса маңызды, әсіресе, бұл қуатты үнемдеуге қатысты. Сол себептен мен 6,1 млн теңге құрайтын қарыздың толық сомасын екі геотермальдық (жылулық) сорғыны сатып алуға және орнатуға жұмсадым. Бұл моншамыздағы бассейндердің жылыту жүйесін экологиялық таза жылу көзіне аударуға мүмкіндік берді. Осымен қатар, жобамның іске асырылуы шағын болсын, үнемі өсіп тұратын экономикалық әсер береді.
Мараттың жобасы бизнесінің жұмыс істеуімен қатар қоршаған ортаға деген зиянды азайтады. Қазір кәсіпкер қарызды толығымен қайтарды.
Бассейн – демалысты ұзартар құрал
2017 жылдан Зерен көлінің жағасында орналасқан “Зеренді парк” демалыс базасын дамытумен айналысатын Исатай Ансат демалушыларға сүтті үй өнімдерін жасау мақсатымен демалыс базасына қарасты сиырларды сауу орнын ұйымдастыру идеясымен “Байтақ жер” жобасына келді. Алайда, жобасын әзірлеу кезінде ол өз бастапқы идеясын тастап, жаңасына бет бұрды. 7 млн теңгеге дейінгі пайызсыз қарыз алу мүмкіндігі туралы біліп алып, ол 18*7*1,5 метр жабық бассейн салуды ұйғарды.
– 2023 жылдың жазғы маусымы жоспарланған қонақтар санының азаюына және кешеннің бірінде өрттің шығуына қарамастан табысты болды деп ойлаймын, алайда, бұның барлығы бассейннің салынуын баяулады, – деп санайды Исатай.
Кәсіпкер өз қаражатына шұңқыр қазып, түбін бетонмен күшейтті. Қарыз сомасын жабдықтар мен материалдарды, құрылысшылардың қызметтерін сатып алуға бағыттады. Сәуір айына қабырғасына қаптау қабатын жабыстырып, инфрақұрылымды жасауды көздейді. Ал мамыр айында бассейнді іске қосуды жоспарлап отыр.
Исатайдың пікірінше, жабық бассейн демалыс базасының жылына 1,5-3 ай емес, 5 ай бойы – мамырдан қыркүйекке дейін – толық жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Биыл кәсіпкер мердігер ұйымның қызметтерінен бас тартып, қонақтарды өз бетінше қабылдауды, тәлімгерлерді жалдауды және демалушыларға арналған бағдарлама әзірлеуді жоспарлап отыр. Ал өрттен зардап шеккен кешенді база қажеттіліктері үшін пайдаланатын болады. Қазір “Зеренді парк” демалыс базасының демалушыларына төрт ағаш үй, орташа сыймдылығы 35 адамға дейін жететін екі кешен (біреуі жөндеуліп жатыр) және мәдени шараларды өткізуге арналған жабық бөлме қолжетімді.
Жобаны қаржылай қолдаудан басқа, Исатай Ансат “Байтақ жер” оқыту бағдарламасының тәжірибелік бағытын және оның өзі сияқты тәжірибелі қатысушылар үшін де сөзсіз пайдасын атап өтті.
“Байтақ жер” жобасының І маусымы қатысушыларының мысалы ОАЕҚ және “Шеврон” компаниясының бастамасы үкіметтің және қызығушылығы бар азаматтардың тығыз байланысында жұмыс жүргізу нәтижесінде Қазақстанда эко- және этнотуризм саласындағы кәсіпкерлікті жүйелі негізде дамытуға өз септігін тигізеді. Жоба қатысушылары қаржылық көмекпен қатар жаңа білімдерді меңгеріп, командаларын жинап, өз ісін дамыту арқылы жергілікті қауымдастықтарға пайда әкеліп, нарықтағы ұсыныстардың сан алуандығын ұлғайтады.
Ақмола облысындағы эко-, этно-, агротуризмнді дамытуға бағытталған «Байтақ жер» жобасы 2022 жылдан бастап жүзеге асырылады. Өткен жылы жобаның алты жеңімпазы өз жобаларын іске асыруға арналған пайызсыз қарызға ие болды. Биыл қатысуға ниетін білдірген 73 кәсіпкердің арасынан 40-ы оқыту курсына әрі ақпанның соңына жоспарланған қарыздар байқауы үшін іректелді.
«Байтақ жер» жобасы туралы толық ақпаратты http://baitaqzher.kz/kz ресми сайтынан, сондай-ақ жобаның Instagram парақшасынан таба аласыз.
Байланыс:
Алия Испаева, жоба менеджері aliya@ef-ca.org
Айжан Жансултанова, жоба маманы aizhan@ef-ca.org
_________________________________
«Байтақ жер» жобасын Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Шеврон» компаниясымен серіктестікте әзірледі.
ОАЕҚ – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатты жақсарту арқылы азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.
«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өнімдерін өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.