Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

23 маусым 2023 ж.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында халықтың жеке микробизнесін қолдау жобасы жалғасуда

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында қолөнер мен көкөніс өсіру дағдыларын дамыту арқылы халықтың экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған Orle 3.0 жобасының жаңа легі ашылып жатыр. Қатысуға өтінішті 23 маусым мен 12 шілде аралығында http://orleproject.kz/ сайтында қалдыра аласыз. 

Жоба барысында қатысушылар тәжірибелі фермерлердің жетекшілігімен өз үйлерінде көкөністер мен жидектерді өсіруді, ал қолөнершілер киіз басуды үйренеді. Кейін олар өздерінің шағын бизнесін ашып, оны дамытуға инвестиция ала алады. Жобаға 18 бен 45 жас аралығындағы әлеуметтік осал топтағы жастар, әйелдер мен ерлер қатыса алады: көпбалалы отбасылар, балаларын жалғыз тәрбиелейтін ата-аналар, мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелейтін ата-аналар, репатрианттар (қандастар), сондай-ақ табысы төмен азаматтар.

«Orle» жобасын Орталық Азияның Еуразия Қоры 2021 жылдан бастап Шелл Қазақстан компаниясының қолдауымен жүзеге асырып келеді. Жобаның алдыңғы екі кезеңі аясында Батыс Қазақстан және Атырау облыстарынан 118 адам оқытылды. 17 қатысушы инвестиция алып, көкөніс өсіру саласында микробизнес ашса, 15-і қолөнермен айналысты. Нәтижесінде жергілікті шаруалар табысын орта есеппен 27 %-ға, қолөнершілер 31 %-ға арттыра алды.

Көкөніс өсіру бағыты бойынша қатысушыларды оқытуды жоба серіктесі – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қоғамдастық қоры жүргізсе, қолөнер бұйымдарын Қазақстан Қолөнершілер Одағының төрайымы Айжан Бекқұлова басқарады. Оқыту шілдеден қыркүйекке дейін онлайн және офлайн форматында өтеді, ал инвестицияларды ұсыну 2023 жылдың қыркүйек-қазан айларында жүргізіледі. Жобаға қатысу үшін http://orleproject.kz/ сайтында өтінішті толтыру қажет. Құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі 2022 жылдың 12 шілдесіне дейін. Нәтижелері 17 шілдеде жарияланады.

 

Қосымша байланыс:

Жобаның Instagram-парақшасы: https://www.instagram.com/orle.project/

Жоба менеджері Ақмарал Қарлыбаева, akmaralk@ef-ca.org

Жоба маманы Сымбат Абишева, symbat@ef-ca.org

____________________________________________________________________________________

ОАЕҚ (Орталық Азияның Еуразия Қоры) – 2005 жылы құрылған, азаматтарға жергілікті қоғамдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатты жақсарту арқылы өз болашағын құру үшін белсенді қатысуға көмектесетін мемлекеттік және жеке ресурстарды жұмылдыратын ұйым. ОАЕҚ туралы қосымша ақпаратты http://ef-ca.kz/ сайтынан алуға болады.

 

Shell энергетикалық концерні Қазақстанда 30 жылдан бері жұмыс істейді және елдегі ірі инвесторлардың бірі болып табылады. “Shell Kazakhstan” Қазақстан Республикасының сенімді серіктесі және өзі жұмыс істейтін аймақтарда жауапты компания болуды мақсат етеді. Қазақстанда Shell үш жобаға қатысады:

  • Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім (қатысу үлесі – 16,81%)

  • Қарашығанақ кен орны бойынша өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім (29,25% үлес)

  • Каспий құбыр консорциумы (қатысу үлесі – 7,4%).

Негізгі өндірістік жобаларға тікелей инвестициялардан басқа, Shell маңызды әлеуметтік мәселелерді шешетін бағдарламалар мен бастамаларға үлес қосады. Осы мақсатта компания ерікті әлеуметтік инвестициялар портфелін жүзеге асыруда.

Қосымша ақпарат алу үшін: https://www.shell.com.kz/ru_kz.html

 

Поделиться страницей: