Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

20 қараша 2017 ж.

Бастауыш мектеп мұғалімдері әлеуметтік-психологиялық біліктіліктерін көтеруде

2017 жылдың 30 қазан – 3 қараша аралығында Маңғыстау облысының, Құрық ауылында тұлғаның әлеуметтік-психологиялық біліктілігі бойынша Құрық ауылының 4 бастауыш мектебінің мұғалімдеріне «Тиімді тұлға» атты семинар-тренинг өтті. Бұл мектептегі білім беру сапасын жақсартуға бағытталған «Бірге жұмылып, білімге талпынайық!» атты әлеуметтік жобаның аясында өткен тренинг және 2 компоненттен тұрған болатын: топтық жұмыс және жеке сессиялар. Топтық жұмысқа 58 адам қатысты, сонымен қатар 56 адамға жеке сессия өткізілді.

«Біз педагогтердің жеке психологиялық мәселелерін шешу арқылы,  олар өздеріне сенімді болып, балаларға деген көзқарастары өзгереді деген сенімдеміз. Балалар тек қауіпсіз ортада ғана дамуы мүмкін», - дейді Ажар Нұрбай, ОАЕҚ жоба менеджері.

Тренингтің бас мақсаты бастауыш мектепте оқушыларға қатысты психологиялық жәбірді тоқтату. Тренинг қатысушылары 5 күн бойы өздерінің маңыздануымен, потенциалдарының ашылуымен айналысты, жеке бас мүмкіншіліктерін айқындады, шектейтін пікірлерді жойды, қорқыныш пен үрейлерінен арылды, балаларға білім берген кезде гуманистік тәсілдер қолдануға, балалар мен ата-аналармен тиімді байланыс орнатуға, бастауыш білім сапасын жақсартуға  керек уәждемелерге үйренді.

«Тренинг 100% өтті. Мен көптеген мағлұмат алдым. Өмірімдегі ең басты миссям халқыма қызмет көрсету екенін түсіндім. Адамның мүмкіншіліктері шексіз екенін, бірақ оны дұрыс қолдану керек екендігін түсіндім...Сонымен ірге балалар мен олардың ата-аналарымен қарым-қатынастардың құру жолдарын білдім. Ұймдастырушыларға осындай мүмкіншілік үшін алғыс білдіремін...», - дейді бастауыш сынып мұғалімі, тренинг қатысушысы.

 

Поделиться страницей: