Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
23 тамыз 2017 ж.
Бастамашыл топтар метадон алушылардың құқықтарын қорғайды
"Аман-саулық" ҚҚ метадон алушылардың құқықтарын қорғау мақсатындағы бастамашыл топтарды құру мәселесі бойынша бірқатар кездесулер өткізді. USAID-тың "Тиімді басқаруды қолдау бастамасы" жобасының аясында Қор қызметкерлері 19 шілдеде Ақтөбе (19 адам), 27 шілдеде Өскемен (55 адам), 28 шілдеде Семей (25 адам), 2 тамызда Екібастұз (21 адам) және 3 тамызда Павлодар (57 адам) қалаларында науқастармен және олардың туыстарымен кездесті.
"Аман-саулық" ҚҚ басшысы Бахыт Түменова кездесулердің бірінде: "Менің іс-сапарымның мақсаты - алмастырушы терапия туралы толық ақпарат беру, метадон алушылардың құқықтарын қорғау бойынша бастамашыл топ құру. Бағдарлама Қазақстанның 10 қаласында жүзеге асырылып келеді, науқастардың саны 290 адамға артты. Бағдарламаның мақсаты - науқастар санын көбейту емес, олардың оңалтудан өтуі, қоғамда әлеуметтенуін қамтамасыз ету. Олардың есепте тұрғандығы жайлы анықтамаларды жою", - деген болатын.
Аталмыш кездесулердің нәтижесі бастамашыл топтардың құрылуы болды.
Сонымен қатар, науқастар мен олардың туыстары алмастырушы терапия бойынша бағдарламаның олардың өмірлеріне қандай өзгерістер әкелгендігі жайлы оқиғаларын жазады. Хаттар қараша айында өткізілетін ҚР Парламенті депутаттарының тыңдалымдарына бағытталмақ.
"Аман-саулық" осы тектес кездесулерді Орал, Тараз, Қарағанды және Теміртау қалаларында өткізуді жоспарлап отыр.