Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
23 мамыр 2016 ж.
Баспасөз-конференциясы «Мемлекеттік қызметтер мүгедектігі бар тұрғындар үшін тең қолжетімді: аңыз не ақиқат?»
Алматы, Қазақстан - «ЕРЕКШЕ ТАҢДАУ-ШЕЛЕК» Қоры 2016 жылдың 31 мамырында 12:00 сағат ИЦ Қазақстан пресс-клубнда (Алматы қ., мкр. Самал-2, 58 ү., «Сәтті» БО, 7 қабат) «Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» USAID бағдарламасы шеңберінде «Мемлекеттік қызметтермүгедектігі бар тұрғындар үшін тең қолжетімді: аңыз не ақиқат?» тақырыбымен (Шелек регионы үлгісінде) баспасөз-конферециясын өткізеді.
2016 жылдың ақпан-наурыз айларында Шелек регионы шалғай тұрғын мекендерінде мүгедектігі бар тұрғындар үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін бағалауға қатысты социологиялық зерттеу жүзеге асырылды. Зерттеудің нәтижелері мүгедектігі бар адамдардың мүгедектігі жоқ адамдармен тең мемлекеттік қызметтерді алуларына бірқатар қиындықтардың кедергі жасайтындарын көрсетті. Бұл қандай қиындықтар?Бұл туралы сарапшылар не айтады? Осы сындарды шешу үшін мемлекеттік органдар мен мүгедектігі бар адамдар ұйымдары арасында қандай өзара қатынас механизмі мүмкін? Баспасөз-конференциясына мына сарапшылар қатынасады:
- Айбек Илебаев, Еңбекшіқазақ ауданы маслихаты депутаты
- Айсина Калдыкуль Оспаналиевна, ММ «Еңбекшіқазақ ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» басшысы (Есік қ.)
- Самат Имангалиев, «Азаматтаға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес Акционерлік Қоғамының Алматы облысы бойнша филиалы– «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті;
- Гульжан Алимбекова, Қоғамдық пікірлерді зерттеу орталығы (Алматы қ.);
- Захира Бегалиева, «Шелек регионында мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі» жобасының үйлестірушісі.
Баспасөз-конференциясына БАҚ өкілдері шақырылады.
Аккредиттеу мына тел.: +7 (701) 3460009 (моб.), немесе zahira71@inbox.ru эл.пошта арқылы жүзеге асырылады.