Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

23 маусым 2023 ж.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында халықтың

Қатысушылар қолөнер немесе көкөніс өсіруді үйреніп, жеке микробизнесін дамытуға
16 мамыр 2023 ж.

Орал қаласында Orle Fest қалалық фестивалі өтеді

Келген қонақтарды жергілікті қолөнершілердің дизайнерлік бұйымдар мен
15 мамыр 2023 ж.

Ақмола облысында иппотерапия сабақтары мен ат турлары

«Keremet jol» қоғамдық бірлестігі Ақмола облысында иппотерапия сеанстарын өткізіп

21 қыркүйек 2017 ж.

Балабақшалар тәрбиешілері өздерінің әлеуметтік-психологиялық біліктілігін арттыруда

2017 жылдың 11-15 қыркүйек аралығында Құрық ауылында тұлғаның әлеуметтік-психологиялық біліктілігі бойынша Құрық ауылының балабақшалар тәрбиешілеріне «Тиімді тұлға» атты семинар-тренинг өтті. Бұл мектепке дейінгі білім беру жұмысын арттыруға бағытталған «Бірге өсеміз» атты бесжылдық әлеуметтік жобаның аясында қорытындылаушы тренинг.

Тренингке қатысқан Құрық ауылының және Ералы бекетінің 6 балабақшасының 17 тәрбиешісі 5 күн бойы өздерінің маңыздануымен айналысты, жеке бас мүмкіншіліктерін айқындады, шектейтін пікірлерді жойды, қорқыныш пен үрейлерінен арылды.

«Тиімді тұлға» тренингіне қатысып, мен өмірге деген көзқарасымның және өмірімнің де өзгергенін байқадым. Адамдармен қарым-қатынасым да өзгерді, өзімнің айналама да позитивті қарайтын болдым. Балаларға махаббат, жылулық, түсінушілік берудің үлкен маңыздылығы бар екендігін түсіндім…», - дейді «Құлыншақ» балабақшасының тәрбиешісі Мәншүк Оспанғалиева.

Тренингтің ең бастысы тұлғаның дамуына, шығармашылық әлеуетін ашуға, көшбасшы дағдыларын қалыптастыруға, тиімді байланыс құруға, жанжалдардың шешу жолдарын табуға, мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруын ынталандыруға бағытталған.

«Құрық аулындағы балабақшаларында енгізілген «Монтессори» және «Степ бай Степ» инновациялық әдістері балалардың шығармашылық дамуын көздейді, келешекте бұл оларға жаңа құндылықтар мен идеялар қалыптастыруға ықпал етеді. Осы әдістермен толық жұмыс істеу үшін тәрбиешілердің өздерінде де шығармашылық қабылеттері болуы тиіс...Біздің тренингтің мақсаты тәрбиешінің жеке бас дамуы және жұмыста шығармашылық бастаманың қалыптасуы. Тәрбиешілер өздерінің әлеуетін және балалардың үлкен жетістіктеріне жету мақсатында әлеуттерін ашуға үйренді. Себебі біздің балаларымызыдың алдында үлкен міндеттері тұр: экологияны құтқару, қатерлі ісік ауруларымен күресу, ғарышты игеру.  Біздің тренинг жаңа ұрпақ қалыптастыратын жаңа дәрежедегі тәрбиешілерді дамытуға бағытталған тренинг деп айтуға болады», - дейді «Genesis Verae» психотехнологиялар орталығының директоры, психотерапевт, психолог, гипнолог, НЛБ-практик Жанар Даненова.

Поделиться страницей: