Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

23 маусым 2023 ж.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында халықтың

Қатысушылар қолөнер немесе көкөніс өсіруді үйреніп, жеке микробизнесін дамытуға
16 мамыр 2023 ж.

Орал қаласында Orle Fest қалалық фестивалі өтеді

Келген қонақтарды жергілікті қолөнершілердің дизайнерлік бұйымдар мен
15 мамыр 2023 ж.

Ақмола облысында иппотерапия сабақтары мен ат турлары

«Keremet jol» қоғамдық бірлестігі Ақмола облысында иппотерапия сеанстарын өткізіп

28 мамыр 2018 ж.

Қазіргі күнгі мектепке еңбек сабағы қажет пе?

Көптеген ата-аналар еңбек сабағының немесе қазіргі атауы «технология сабақтарының» тиімділігіне күмәнданады. «Бірге жұмылып, білімге талпынайық!» жоба командасы еңбек сабағаның қажеттілігіне толық сенеді.

«Ресурстардың аздығына және бәсекелестіктің өсуіне қарай бүгінгі күнде кәсіптер әлемі шығармашылық, креативтік ойлауды талап етеді. Түрлі кәсіптер бірлесіп жатады. Жаңа ұрпақ түрлі дағдыларды игеру керек, оларды еңбек сабақтары арқылы тиімді дамытуға болады. Көптеген ата-аналар еңбек сабақтарын уақытты босқа кетіру деген ойда. Менің ойымша, барлық мәселе еңбек сабағында емес, балаларда қызығушылық тудыра алатын білікті мамандардың жоқтығында. Сабақ бағдарламасы көптеген бастамаларды соңына дейін жеткізуге мүмкіншілік бермейді. Еңбек сабағының мұғалімдерінің мәртебесі төмен түсіп кеткен, мектептер еңбек сабақтарын жүргізуге қажет қарапайым материалды-техникалық базасымен қамтамасыз етілмеген. Сондықтан көптеген мектептерде балалар уақыттарын еңбек сабағында босқа кетіретіндей жағдай туындады», - дейді жоба менеджері, Ажар Нұрбай.

Еңбек сабағында түрлі тапсырмаларды орындай отырып, балалар қандай дағдыларды игере алатындығын айқындайық:

-  фантазияны, абстрактылы ойлауды, 3D ойлауды, конструктивті (тәжірибелік, техникалық) ойлауды, бейнелі ойлауды, елестетуді, ойлау жасампаздықты, эстетикалық талғамды дамытады, шығармашылық потенциалды ашады;

-  есте сақтауды, логиканы, көзбен шамалауды, қозғалу дағдыларын, төзімділікті жаттықтырады;

-  еңбек сабақтарындағы басты принцип «өзің жаса», дегенмен жобалық жұмыстар да команда болып жұмыс істеуге керек дағдыларға үйретеді;

-  тұлғаны қалыптастырады, балаларды еңбекке деген сүйіспеншілікті дамытады, үқыптылыққа және үніемділікке үйретеді;

-  қолмен жұмыс жасау адам ағзасының жұмысын қалпыну келтіруге ықпалын тигізеді, біріншіден, физикалық жұмыс саусақтардың моторикасын жаттықтырады, сонымен баланы дамытады; екіншіден, алақанда адам ағзасының жұмысына жауапты көптеген нүктелер орналасқан, сондықтан біз қолмен жұмыс жасағанда, бұл нүктелер адам ағзасының дұрыс жұмыс жасауына жағдай жасайды;

-  осындай сабақтар антистрессті болып саналады, мидің жұмысын көп талап ететін математика немесе тіл сабақтарынан кейін бойды еркін ұстауға мүмкіншілік береді.

«Мен технология сабақтарына жауапты мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға бағытталған жоба аясында тренинг өткізудемін. Көп балалы ана болғандықтан, еңбек сабағына дене шынықтыру немесе басқа да қосымша сабақтармен бірге көңіл бөлемін. Осындай оқытулар дәстүрлі қолөнер түрлеріне өзектілік туындатады. Қазақстанның қиын өмір жағдайлары қалыптасқан аймақтарда  қолөнер түрлерін көпшілікке тарату болашақта өндіріс түріне айналуы мүмкін», - дейді көркем құрақ бойынша тренер мен сарапшы, «Мастерская уюта» компаниясының негізін қалаушы, Гульмира Уалихан.

«Бүгінгі күнде біздің елде жұмысшы мамандықтарына үлкен сұраныс бар. Технология сабақтары кәсіптік бағдарлау түрі болып саналады, себебі осы сабақтарда балалар техникалық және шығармашылық мамандықтармен танысады. Менің ойымша, технология пәнін сапалы түрде үйрету керек. Қазіргі уақытта біз сабақтарымызды түрлендіруге қажет дағдыларға үйренудеміз», - Тамара Унайбекова, Құрық а. №1 мектебінің технология пәнінің мұғалімі.

Құрық а. мектептерінде әлеуметтік-психологиялық ортаны қалпына келтіру жоба аясында технология мұғалімдерін және Құрық а. мен Маңғыстау облысының басқа өңірлерінің өнер мектебінің мұғалімдерін, және мектеп оқушылармен оқыту жүргізілуде. Бұл оқыту технология мұғалімдерінің бар біліктіліктерін жаңарта отырып, кәсіптіліктерін арттыруға, жаңа білім қалыптастыруға, соның ішінде қажет оқу құралдармен қамтамасыз етуге бағытталған.

2018 жыл ішінде технология мұғалімдері 13 негізгі дағдыны игереді, олар ағаш ою, түсті металдармен жұмыс, былғарымен жұмыс, дәстүрлі кесте, тоқымамен жұмыс, киім декорлау және тағы басқа. Барлық тренингтер тәжірибелі болып саналады, барлық қатысушылар оқыту барысында кәдейсый қобыз, дәстүрлі қазақ әшекейлер, ожау, қамшы, киіз бұйымдарын, құрақ көрпе және тағы басқа заттар әзірлейтін болады.

2018 жылдың қараша айында Құрық а. мектептерінің арасында байқау өтетін болады, женген мектеп сабаққа қажет құралдар алатын болады. Сонымен қатар  ERSAI Caspian Contractor LLC компаниясында өтетін қайырымдылық жәрмеңкеде мектеп оқушыларының жүмыстарының туындыларын қою жоспарлануда.

Поделиться страницей: