Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
17 қазан 2016 ж.
Қазақстандағы опиоидты алмастырушы терапия: қолжетімділік құқықты қалай арттырамыз
Алматы, 2016 жылдың 19 қазаны - «Аман-саулық» ҚҚ ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен, ЖИТС-ын алдын алу және онымен күресу жөніндегі республикалық орталықпен, сондай-ақ, ҚР Психиатрия, психотерапия және наркология жөніндегі республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығымен серіктесе отырып, «Қазақстанда АИТВ/ЖИТС-ын алдын алу, тестілеу және емдеу бойынша нормативтік-құқықтық базаны жақсарту» жобасы бойынша USAID/PEPFAR «Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» жобасы аясында баспасөз мәжілісін өткізеді. Іс-шара АИТВ індетінің таралу қарқынын төмендету және есірткі тәуелділігін емдеуге арналған ең тиімді әдістермен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасында опиоидты алмастырушы терапияның ауқымын кеңейту қажеттілігіне назарын аудартып, осы мәселені кең жұртшылыққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
«Аман-саулық» ҚҚ «Қазақстанда АИТВ/ЖИТС-ын алдын алу, тестілеу және емдеу бойынша нормативтік-құқықтық базаны жақсарту» жобасы аясында Қазақстан Республикасында ОАТ-ның қолжетімділігі мен тұрақтылығын арттыру мәселелері жөнінде сенімді және үздік ақпаратты жариялау үшін республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары арасында байқау өткізеді. Байқау қорытындысы бойынша 3 жеңімпаз таңдап алынады.
Баспасөз мәжілісіне қатысатындар:
Бақыт ТҮМЕНОВА – «Аман-саулық» ҚҚ президенті,
Гүлнар ҚҰЛҚАЕВА – Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары,
Бақытжан НҰРАЛИЕВ – ҚР Психиатрия, психотерапия және наркология жөніндегі республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары,
Нұрәлі АМАНЖОЛОВ – «АИТВ-мен өмір сүретін тұлғалардың Орталық Азия қауымдастығы» ЗТБ президенті.
Баспасөз мәжілісінің өткізілетін орны: «ҚазЖОЛ» қонақ үйінің «Бәйтерек» конференц-залында, мекенжайы: Алматы, Гоголь к., 127/1.
Күні: 2016 жылдың19 қазаны (сәрсенбі)
Өткізілетін уақыты: 12.00 - 13.00
Тіркелу сағат 11.30-дан 12.00-ге дейін.
Тіркелу сағат 11.30-да басталады.
Аккредитациядан өту үшін келесі байланыстар бойынша хабарласыңыз: +7 (727) 292‑04‑85, +7 (727) 220‑71‑87, немесе электр.пошта amansaulyk@mail.ru