Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

2 сәуір 2020 ж.

Қазақстанда тұңғыш рет онлайн режимінде жастар бастамаларын қолдау байқауының финалы өтті

31 наурыз, 2020 жыл, Қазақстан – Бүгін жастар бастамаларын қолдауға бағытталған «3.2.1. Старт!» Республикалық байқауының онлайн-финалы өтті. Елдегі қазіргі жағдайды ескере отырып «3.2.1. Старт!» жобасының ұйымдастырушылары алғаш рет финалды онлайн режимінде ұйымдастыруға шешім қабылдады.

Еске сала кетейік, конкурсқа 18-35 жас аралығындағы жастардан 100-ден астам түрлі өтінімдер қабылдады. Финалға 10 идея іріктеліп, олардың авторлары қазылар алқасына өз жобаларын ұсынды. Қазылар алқасына БҰҰ Тұрақты дамудың жаһандық мақсаттарын (бұдан әрі –ТДМ)жүзеге асыру бойынша сарапшылар, эко-белсенділер және жобаның серіктестерішақырылды. Жобаның төртінші маусымының финалисттері қаланың көшелерін, аулаларын және аудандарын пластикқоқыстардан тазартудың инновациялық шешімдерін; бір аула аясында қалдықтарды сұрыптауды; қалдықтарды бөлек жинауға арналған эко-қораптар шығаруды; пластикті гүлзарларға айналдыру және т.б. ұсынды. «3.2.1. Старт!»жобасының төртінші маусымының жеңімпаздары:

  • Қайыржан Айсин, Eco-Car жобасының авторы. Жобаның басты идеясы – Петропавл қаласының тұрғындары арасында қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін қалыптастыру. Қайыржанның командасы қала тұрғындарына үйдегі қоқысты қалай дұрыс сұрыптау керектігін үйретеді, ал сұрыпталған қалдықтарды олар қала тұрғындарының пәтерлерінен өздері алып кететін болады. Қайыржанның өзі атап өткендей: «Кейбір адамдар қоқыстыпәтерден шығаруға ерінеді, оны басқа біреудің шығарғанын жөн көреді, ал біздің идеямыз олар үшін өте жақсы шешім болмақ– біз олардың қалдықтарын тегін жинап, сұрыптап, қайталама шикізат жинау орындарына тапсырамыз да осылайша кіріс табамыз».

 

  • Пакизат Саулабекова «3.2.1. Старт!» жобасының жеңімпаздары қатарына кірген тағы бір қатысушы. Пакизат Қазақстандағы әйгілі эко-белсенді. Ол «RecycleBirge» жобасы мүшелерінің бірі және елдегі көптеген экологиялық жобаларды сәтті жүзеге асырушы. Пакизат жобасының негізгі идеясы – бұқаралықшараларды экологияландыру: «Біздің көздегеніміз – үлкенбұқаралықшаралардан (фестивальдан, концерттерден) кейін қалатын қалдықтарды жинап, артынша қайта өңдеуге өткізуде көмектесетін еріктілерді тарту.  Сондай-ақ, біз осы іс-шараларғакелетін барлық келушілер үшін өте түсінікті және қарапайым нұсқаулық әзірлеуді жоспарлап отырмыз.Онда қоқыстарды қалай және не үшін бөлек жинау керектігі және бұдан қала экологиясына қандай пайда болатыны туралы ақпарат көрсетіледі».

 

  • Жобаның тағы бір жеңімпазы – Хамида Токумова. Ол қазақстандықтар үшін ақпараттық білім беретін эко-бағдарлама жасады. Хамида ақпарат берудің түрлі тәсілдері, яғни теледидар, БАҚ, әлеуметтік желілер, баспасөз құралдарын, билбордтар, көрмелер арқылы азаматтардың бойында эко-мәдениетті қалыптастырмақшы, өнердің көмегімен табиғатты аялау қажеттілігі туралы маңызды экологиялық хабарды халыққа жеткізбекші. Оның мақсаты – қоқысөңдеу саласын дәріптеп, қоқысты бөлек жинау үрдісін насихаттау. «Мен осы жобаны жүзеге асырғым келеді, өйткені мен қоршаған ортаның ластануынан туындайтын проблемалардың негізгі себебі экологиялық мәдениет пен білімнің жоқтығы деп санаймын» - деді эко-активист және жобаның төртінші маусымның жеңімпазы Хамида Токумава.
Поделиться страницей: