Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

28 наурыз 2016 ж.

Қазақстанда мемлекеттік деңгейде инклюзивті білім беру жүйесін енгізетін уақыт жетті - Л. Қалтаева

Бұл туралы бүгін Алматыда «Азаматтық қоғамның тиімді басқаруға қолдау көрсетуі: тәжірибелер мен тәсілдер» тақырыбында өтіп жатқан өңірлік конференция барысында  «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығының төрайымы және Орталық Азиялық мүгедек адамдар форумының төрайымы Ләззат Қалтаева мәлім етті.

Оның айтуынша, Қазақстанда ең алдымен ғылыми негізде инклюзивті білім беру жүйесімен жұмыс істейтін бірнеше моделдік мектептер құру қажет.

«Мұндай мектептерде мүгедек балалар да мүгедек емес балалар да бірге оқиды. Мұндай орта, мүгедек балалардың қоғамға ерте бастан сіңісіп кетуіне жол ашады. Өйткені, балалар мүмкіндігі шектеулі құрбыларын өздеріне тең дәрежеде өте тез қабылдайды. Ал ересектердің мүгедектерге деген көзқарасын өзгерту өте қиын. Мысалы, мүгедектігіңе қарамастан қанша жерден дарынды, талантты қызметкер болып тұрсаң да олар сені бәрібір мүгедек ретінде қабылдайды. Мұндай көзқарас болмас үшін, мүгедектердің ерте бастан қоғамға сіңісіп кетулеріне жағдай жасау керек», - деді Л. Қалтаева.

Бұл жерде ол мүмкіндігі шектеулі жандардың да өздеріне деген көзқарасын өзгерту керектігін алға тартты.

«Мүмкіндігі шектеулі жандар да өздеріне деген өз көзқарастарын өзгертуі керек. Олардың арасында өзін-өзі кемсітушілік, өзін жек көрушілік орын алатыны жасырын емес. «Мен енді ештеңеге жарамаймын, ешкімге керек емеспін», - деп күйінетіндер де бар.  Сондықтан, бірінші кезекте мүмкіндігі шектеулі жандар алдымен өздеріне қатысты өз көзарастарын түзеп алсын. Сонда қоғамның да оларға деген көзқарасы өзгереді», - деді Л. Қалтаева.

Қазақстандағы Орталық Азияның Еуразия қоры ұйымдастырған бүгінгі шараға АҚШ-тың Халықаралық даму бойынша агенттігі (USAID) қолдау көрсетуде.

Оған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, БҰҰ бағдарламаларының Қазақстандағы және Тәжікстандағы өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары және басқа да тұлғалар қатысуда.

www.inform.kz

Поделиться страницей: