Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

20 шілде 2022 ж.

Қазақстанда экология туралы қазақ тіліндегі ақпараттық-талдау сайты іске қосылды

Қазақстанда «Отбасы хрестоматиясы» ҚҚ жобасы дайындаған Ecoinfo.kz атты экология туралы ақпараттық-сараптамалық портал іске қосылды. Порталдың басты міндеттері – қоғамның назарын экологиялық проблемаларға аудару және ел тұрғындары арасында экологиялық ағартуды ілгерілетуге жағдай жасау. Сайттың көмегімен команда Қазақстандағы және дүнижүзіндегі экология мәселелері туралы баяндайды, сондай-ақ жаңалықтармен, ғылыми зерттеу қортындылары және басқа да пайдалы ақпаратпен бөліседі. Жоба Орталық Азияның Еуразия қорымен «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «Qolda 4.0» жедел көмек бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатыр.

«Отбасы хрестоматиясы» ҚҚ экологиялық ағарту саласында 2020 жылдан бастап жұмыс істейді. Ecoinfo.kz порталын құрудың негізгі себебі – қазақ тіліндегі экология мәселелері туралы ақпараттың жетіспеушілігі. Сондықтан порталдың көмегімен команда Қазақстандағы экологиялық проблемаларды шешуге өз үлесін қосуды жоспарлап отыр.

«Қазіргі кезде елдің дамуының шарттарының бірі азаматтық қоғам құру. Азаматтық қоғамды құрудың алғышарты қоғамдағы ақсап тұрған қайсібір салаға өз ұстанымыңды білдіріп, соның шешілуіне әрекет ету. Экология – кезек күттірмейтін тақырып», – дейді жоба жетекшісі Бағдат Құдияр.

Қазір команда порталды жаңа материалдармен жаңарта отырып, аудитория мен оқырмандар санын арттыру үшін жұмыс істеп жатыр. Сайттан жергілікті экобелсенділермен және эковолонтерлермен сұхбаттарды, эко-тауарларға шолуларды, бейіндік мамандарға ғана емес, эко-тақырыптарға қызығушылық танытқан қазақстандықтарға да пайдалы болатын әлемдік зерттеулердің нәтижелерін табуға болады.

Байланыс:

Бағдат Құдияр, «Отбасы хрестоматиясы» жобасының жетекшісі

тел.: 8 705 158 83 83

Жания Хаирова, «Qolda» бағдарламасының коммуникация менеджері

zhaniyaenu@gmail.com

_________________________________

«QOLDA» жедел көмек бағдарламасы Орталық Азияның Еуразия Қоры және «Шеврон» компаниясының серіктестігімен жүзеге асырылып отыр.

ОАЕҚ – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.

«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өнімдерін өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.

Поделиться страницей: