Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

11 шілде 2016 ж.

«Қазақстанда АИВ алдын алуға арналған опиоидтық алмастырмалы терапияны (ОАТ) енгізу» тақырыбындағы баспасөз-мәслихаты өтеді

11 шілде 2016 жыл (дүйсенбі) 12.00-де Қазақстан Баспасөз-клубында (Алматы қ., “Самал-2” м/ауд, 58 үй, Фурманов көш., Әл-Фараби көш. қиылысы, “СӘТТІ” Бизнес-орталығы, 1 кіреберіс, 2 қабат) «Қазақстанда АИВ алдын алуға арналған опиоидтық алмастырмалы терапияны (ОАТ) енгізу» тақырыбындағы баспасөз-мәслихаты өтеді.

Баспасөз-мәслихатында жоба нәтижелері жария етіледі:

- Қазақстан Республикасында АИВ-инфекциялардың алдын-алуға және инъекциялық есірткілерді тұтынатын тұлғалар арасында есірткіге тәуелділік деңгейін төмендетуге арналған опиоидтық алмастырмалы терапия (ОАТ) пилоттық жобасын кеңейту мәселесі бойынша Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында өткізілген 4 Қоғамдық тыңдаулар нәтижелері бойынша;

- аймақтық Қоғамдық тыңдаулар қатысушыларының ұсыныстарымен бөліседі.

Баспасөз-мәслихаты аясында бұқаралық ақпарат құралдарында опиоидтық алмастырмалы терапия тақырыбын ең үздік және анық ашып көрсету байқауының журналист-жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтеді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтікдаму министрлігімен және «Орталық Азия Еуразия Қоры» КҚ және АҚШ-ның халықаралық даму бойынша Агенттігі (USAID) қолдауымен ЖИТС алдын-алу және күресу бойынша Республикалық Орталықпен әріптесе отырып, «Аман-саулық» ҚҚ.

Баспасөз-мәслихатының қатысушылары:

Бақыт ТҮМЕНОВА – «Аман-саулық» ҚҚ Президенті,
Сағат АЛТЫНБЕКОВ – ҚР ДСӘДМ Бас психиатр-нарколог,
Татьяна ДАВЛЕТГАЛИЕВА –Қазақстан Республикасындағы АИВ бойынша Ұлттық үйлестіруші,
Мақсұт ҚҰЛЖАНОВ – ЮНЕЙДС бағдарламасының Үйлестіру Кеңесі мен БДСҰ атқару комитетінің мүшесі.

Тіркелу сауалдары бойынша хабарласыңыз: Қазақстан Баспасөз-клубы, тел. +7 (727) 2647113 немесе akparat@pressclub.kz

Поделиться страницей: