Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

21 қазан 2016 ж.

Қазақстан әлеуметтік кәсіпкерлерінің алғашқы жинағының тұсаукесері

20 қазан күні «Арман» кинотеатрында«Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік -2016» атты алғашқы қазақстандық жинағының тұсаукесері өтті.

Жинақ «Шеврон» компаниясының қолдауымен ОАЕҚ-ның «Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамасы» атты жобасы аясында дайындалған. Аталған басылымның мақсатыүкіметтік емес, іскер топтар мен академиядан тұратын мүдделі тараптар арасында әлеуметтік кәсіпкерлік моделі туралы хабардарлықты көтеру, сондай-ақ Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерліктің (ӘК) ең озық тәжірибелерінің өрісін кеңейту болып табылады.

Әлденеше рет жүргізілген зерттеулер әлеуметтік кәсіпкерлік тұжырымдамасы жайлы  хабардарлықтың төмен деңгейін, әрі Қазақстандағы оған қатысты бірыңғай түсініктің жоқтығын аңғартты. Сарапшылардың пікірінше, бүгінгі күні ҚР әлеуметтік кәсіпкерлігінің дамуын тежеп жатқан бірсыпыра факторлар бар, солардың ішінде:

  • ӘК терминына қатысты айқындықтың жоқтығы;
  • Түсініспеушілік кесірінен әлеуметтік кәсіпкерлердің оңай және тез арада пайда бермейтін дүниеге қаражаттарын салуды қаламауы;
  • ӘК-ке тартылған бизнес-құрылымдарына мемлекет тарапынан жеткіліксіз қолдау көрсету;
  • Кәсіпкерлік мәдениетінің төмен деңгейі;
  • ӘК-ке түрткі беретін заңнаманың жетілмегендігі.

Бұған қарамастан, әлеуметтік кәсіпкерлік қазақстандық шағын және орта бизнесінің айқын тренді болып келеді.

«Біздің ойымызша, аталған жұмыс Қазақстан үшін өзекті тақырып болып табылады, себебі ӘК-тің рөлі мен маңызы әсіресе дағдарыс жағдайында артатыны анық. Бірақ бұрынғыша ӘК-тің көпшілік қабылдаған айқын әрі анық көрсеткіштері мен белгілерінің жоқтығы бұл саладағы ақпараттық жеткіліксіздік салдарынан болса керек», - деп атап өтті Ринад Темірбеков, ОАЕҚ атқарушы директоры. – Осыған байланысты Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған және еліміздегі ӘК-тің даму деңгейі мен сан алуандығын жан-жақты көрсететін жинақты басып шығарудың қажеттігі туындады».

Іс-шара SERNEU Impact Talks – ой-пікір алмасу, қоғамымыздың өзекті мәселелеріне ортақ шешімдер іздестіру, әрбір қатысушы өзін инноватор рөлінде байқап көре алатын эксперименттік алаң түрінде өтеді. Кездесуге әлеуметтік және шығармашылық кәсіпкерлер, халықаралық ұйымдар өкілдері, іскер топтар және жергілікті билік органдары қатысады.

Поделиться страницей: