Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

2 тамыз 2017 ж.

"Қазақстан фермерлері" Бақанаста

31 шілдеде Алматы облысының  Балқаш ауданында (Бақанас ауылы)  "Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар қоры" ҚҚ  "Аgrobiz.kz - агробизнес субъектілерінің өзара әрекеттестігі мен дамуының жаңа мүмкіндігі" атты семинар-тренинг өткізді. Тренингке қатысушылар саны 33 адамды құрады.

Алматы облысы, Балқаш ауданы әкімінің орынбасары Қанат Ақылбеков: "Agrobiz.kz интернет-порталының миссиясын тыңдап, қызметімен таныса отырып жаңа технологиялар ешкімді де айналып өтпейтініне көзіміз жетті. Әлеуметтік жағдайыңызға, тұрғылықты жеріңізге қарамасатан мұнсыз өмір жоқ, тірлік бітпейді. Бұрын мұндай ресурстарды  шетелден көріп, қызығып, бізде осындай  қашан болады екен деп жүруші едік, енді әрқайсымыздың алдымызға лезде-ақ жетіп келді.  Бұл – отандық фермерлер үшін жасалып отырған ауқымды жобалардың бірі деп ойлаймын. Ендеше, құрметті фермерлер, өздеріңізді Agrobiz.kz интернет порталына тіркеліп, өнімдеріңізді делдалсыз сатуға шақырамын", - деп атап өтті.

"Бейбіт" шаруа қожалығының басшысы Талғат Сұлтановтың сөзіне сенсек,  портал жұмысының басталуымен күріш іздеп Қызылордаға сабылып  қажет емес.

"7-8 жыл уақыт болды, күріш өсіріп, Алматыға апарып сатамыз. Жол шығыны көп болғандықтан, компаниялар өнімді өзімізден келіп алып кетсе деген ой бар. Біздің халық күріш өндірісін тек Қызылордамен байланыстырып ойлайды. Бақанас күрішінің ерекше екенін, біздің өңірдегі күріш өндірісімен айналысушылардың мол екенін бірі білсе бірі білмейді екен. Бізге жақын аймақтардың тұтынушылары күріш іздесе Қызылордаға сабылып қажет емес", - деп Т.Сұлтанов өз ойымен бөлісті.

Поделиться страницей: