Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

10 тамыз 2022 ж.

Аймақтарды көгалдандыру: Павлодар облысының санитарлық-қорғау аймақтарының өмірлік жағдайы көрсеткіштері төмен

«ЭКОМ» ҚБ Павлодар облысы кәсіпорындарының санитарлық-қорғау аймақтарында жасыл желектердің жерсінуіне мониториі жүргізуде. Жыл сайын аймақтың ірі компаниялары ауаның ластануын азайту және экологиялық жағдайды жақсарту үшін ондаған мың ағаш отырғызады. Алайда, кейіннен олар отырғызылған жасыл алаңдарға жеткілікті бақылау жүргізбейді. Ағаштардың көп бөлігі күйзеліске ұшырайды. «Ертіс өңіріне жасыл көзқарас 2022» жобасын Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «Qolda 4.0» жедел көмек бағдарламасы шеңберінде іске асырып жатыр. 

Павлодар облысы – атмосфераға шығарылатын ластауыш заттар көлемі бойынша көшбасшы. Сондықтан аймақ ауасының ластануын азайту үшін барлық шаралар өте маңызды. «Эком» ҚБ биыл маусым айынан бастап Павлодар облысының ірі кәсіпорындарына отырғызылған көшеттер жерсінуін бақылау үшін мониториңдік шығулар жүргізеді.

«ЭКОМ» ҚБ төрағасы Светлана Могилюк өз жұмысының нәтижесімен бөлісті:

«Шығуларды жүзеге асыру кезінде біз көптеген адамдардың қоғамдық бақылау тобының қатысушысы болуға дайын екендігіне көз жеткіздік. Оқушылар, студенттер, аналар, сарапшылар және тіпті экологтар өз ниетін білдірді. Шын мәнінде, мұның бәрін түсінуге болады, өйткені әрқайсымыз үлкен техногендік ауыртпалықты бастан кешіреміз және санитарлық-қорғаныс аймақтарында көшеттер отырғызудың құндылығын түсінеміз. Бұл екпелер ластаушы заттары бар ауаны мүмкіндігінше жасыл массада ұстап, тазартуға мүмкіндік беретін етіп жасалған».

Мониториңдік шығулар ағаш отырғызуды ұйымдастыру кезінде кәсіпорындар тап болатын көптеген проблемалар анықталды. Кәсіпорындарда отырғызғаннан кейін ағаштардың өмір сүруін кәсіби түрде бақылай алатын мамандар жоқ. Олар келісімшарттық міндеттемелерді әрдайым адал орындай бермейтін мердігерлерге жүгінеді. Сондай-ақ, кәсіпорындар отырғызылған ағаштың тұқымдық-түрлік құрамы туралы жоғарыдан тапсырмалар алады, олар белгілі  аймақтарға әрдайым сәйкес келе бермейді.

«ЭКОМ» ҚБ қоғамның және барлық мүдделі топтардың назарын жауапсыздық тәсілмен отырғызу проблемасына тарту үшін адвокация құралдарын пайдаланады және ақпараттық науқан жүргізеді.

Байланыс: 

Максим Кравченко, «Эком» ҚБ-ның қоғаммен байланыс жөніндегі маманы

8 707 494 94 62

Жания Хаирова, «Qolda» бағдарламасының коммуникация менеджері

zhaniyaenu@gmail.com

_________________________________

«Qolda» жедел көмек бағдарламасы Орталық Азияның Еуразия Қоры және «Шеврон» компаниясының серіктестігімен жүзеге асырылып отыр.

ОАЕҚ – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.

«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өнімдерін өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.

 

Поделиться страницей: