Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

10 желтоқсан 2018 ж.

Қауымдастық мүшелері өз елді мекенін жақсарту үшін қандай жобаны әзірлеп, жүзеге асыра алады?

4-5 желтоқсанда "Қоғамдық кеңістіктер" атты бірегей жобамыздың аясында Форт-Шевченко мен Баутин елді-мекендерінің белсенділері, жастары, ҮЕҰ өкілдері мен ауылдың жанашыр тұрғындарына арналған "Жобаны дамыту және басқару" тренингі өткізілді.  

Тренингтің мақсаты - мақсатты аудиторияға жобаны дұрыс  әзірлеуді үйрету: нақты мақсаттар мен міндеттерді айқындау, жұмысты және жұмыстың орындалу мерзімін  белгілеу , бюджетті жасақтау, жобаның мониторингтік жоспарын жасау- мұның барлығы тренингтен кейін жарияланатын гранттар байқауына өз идеяларын ұсыну үшін қажет. Байқаудың тақырыбы «Қауымдастық – бұл күш!».

Үстіміздегі жылдың қазан айында "Қауымдастықты жұмылдыру" атты алғашқы семинар өткізілген болатын. Семинар-тренингке Форт-Шевченко және Баутино елді-мекендерінен өз қолдарымен ауылды көркейтуге, бос уақыт өткізетін кеңістіктер құруға, өз қауымдастықтарының дамуына үлес қосуға мүдделі 51 адам қатысты.

Бұл жолғы тренингке қатысушылар дайын идеяларымен, сызбаларымен, презентацияларымен келді және әрбір идеяның артында белсенділер тобы болды.

Екі күндік тренингтің нәтижесінде қатысушылар жаңа білім мен қабілеттерге ие болды, өз идеяларын жобаға айналдыруды, бюджет дайындауды, жобаны іске асыру жоспарын құруды, командамен жұмыс істеуді және т.б. үйренді.

Жалпы есепте, келешек мини-жобалардың  12 идеясы таныстырылды.     

Идеялар алуан түрлі әрі тұрғындарға қажетті: Баутин орталығында зейнеткерлерге арналған демалыс орны, балаларға арналған спорт алаңдары,  Форт-Шевченко саябағында жастар аллеясы және басқа да қызықты идеялар.

Келесі қадам, алынған білімді пайдаланып, бастамашыл топтардың өз мини-жобаларын жазу кезеңі (жоба командасы бір ай бойы скайп, электронды пошта, телефон арқылы онлайн консультациялар жүргізетін болады).

Жобаға қатысушылар үшін өтінімдер байқауы 15 желтоқсан мен 15 қаңтар аралығында өткізіледі.                                                                                                      

Поделиться страницей: