Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

23 маусым 2023 ж.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында халықтың

Қатысушылар қолөнер немесе көкөніс өсіруді үйреніп, жеке микробизнесін дамытуға
16 мамыр 2023 ж.

Орал қаласында Orle Fest қалалық фестивалі өтеді

Келген қонақтарды жергілікті қолөнершілердің дизайнерлік бұйымдар мен
15 мамыр 2023 ж.

Ақмола облысында иппотерапия сабақтары мен ат турлары

«Keremet jol» қоғамдық бірлестігі Ақмола облысында иппотерапия сеанстарын өткізіп

13 ақпан 2023 ж.

Ауылдық кәсіпкерлерге арналған бизнес-инкубатор

Туризм саласының ауыл кәсіпкерлері 10-күндік бизнес-инкубаторға қатысады

20 ақпаннан 1 наурызға дейін Астанада Ақмола облысының туризм саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлеріне арналған инкубациялық бағдарлама өтеді. Бағдарлама оқытудан және сарапшылардың трекиңінен тұрады. Іс-шара Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясының қолдауымен жүзеге асырып жатқан «Байтақ жер» жобасы аясында өткізіледі. Бағдарлама серіктесі ретінде «MOST» бизнес-инкубаторы тартылды.

Ақмола облысының ауылдық аудандарының 20 кәсіпкері бағдарлама бойынша оқытудан өтеді. Олар тақырыптық дәрістер мен воркшоптарды тыңдайды, табысты кейстерді талдайды, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға барады. Бағдарлама спикерлерінің арасында БҰҰДБ экология бойынша сарапшысы Ольга Романова, «Авалон» картографиялық қоғамының басшысы Виталий Шуптар, коуч және аналитик Татьяна Хасанова, қаржы бойынша кеңесші Тимур Рахимжанов, экономика бойынша сарапшы Әнуарбек Сұлтанғазин және басқа сарапшылар бар. Кәсіпкерлер мен туризм ұйымдарынан қонақ дәрістер күтілуде. Қатысушылар сонымен қатар қолөнер мұражайы мен иппотерапия мектебіне барып қайтады.

Инкубациялық бағдарламаның мақсаты – кәсіпкерлерге олардың бизнес-идеялары туралы түсініктерін қалыптастыруға көмектесу және қорытындысы бойынша ең инновациялық жобаларды қолдау. Оқыту нәтижесінде қатысушылар жеке тиімділігін арттырады, қаржы тарту жолдары туралы білетін болады, өнімді өткізу мен ілгерілетудің негізгі арналарын зерттейді, қаржылық модель құруды үйренеді, экотуризмді дамытудың табысты жағдайлары туралы біледі. Бағдарлама аяқталғаннан кейін тыңдаушылар сертификаттар алады және 0%-дық қарыз алу байқауына қатысу үшін жүзеге асыра алатын бизнес-жобаларын әзірлейді. Іріктеуді сарапшылар комиссиясы жүргізеді.

«Байтақ жер» жобасы Ақмола облысының Зеренді, Қорғалжын және Сандықтау аудандарында жүзеге асырылуда. Ол туризмдегі ауыл кәсіпкерлігін дамытуға, жастарды қолдауға және жаңа туристік бағыттарды танымал етуге бағытталған.

Байланыс:

Алия Испаева, жоба менеджері aliya@ef-ca.org

Айжан Жансултанова, жоба ассистенті aizhan@ef-ca.org

Жобаның сайты: http://baitaqzher.kz/kz.

Жобаның Instagram-дағы парақшасы: https://www.instagram.com/baitaqzher.kz/.

 

_________________________________

«Байтақ жер» жобасын Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Шеврон» компаниясымен серіктестікте әзірледі.

ОАЕҚ – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатты жақсарту арқылы азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.

«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өнімдерін өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.

Поделиться страницей: