Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

6 наурыз 2023 ж.

Ауыл кәсіпкерлері туризм жобаларына пайызсыз қарыздар алды

Ақмола облысының туризм саласындағы ауыл кәсіпкерлері Астанадағы 10 күндік бизнес-инкубаторға қатысты. 20 ақпаннан 1 наурызға дейін қатысушылар тақырыптық дәрістер мен вебинарларды тыңдап, өздерінің бизнес-идеяларын әзірледі. Бағдарлама «Шеврон» компаниясының серіктестігімен жүзеге асырылып жатқан Орталық Азияның Еуразия Қорының (ОАЕҚ) «Байтақ жер» жобасының бөлігі болды. Бағдарламаның серіктестері «MOST» бизнес-инкубаторы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі атынан «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы және Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы болды.

Инкубатор спикерлері ретінде БҰҰДБ экотуризм жөніндегі сарапшысы Ольга Романова, туризм және картография саласындағы сарапшы Виталий Шуптар, бизнес-аналитик Татьяна Хасанова, қаржы бойынша кеңесші Тимур Рахимжанов, экономика ғылымдарының докторы Әнуарбек Сұлтанғазин сияқты жетекші мамандар тартылды. Олар кәсіпкерлерді эко- және этнотуризмде бизнесті ашу мен жүргізудің, сату мен маркетингтік науқанды жүргізудің нюанстарына үйретіп, қажетті дағдылар, қаржыландыру және жергілікті қоғамдастықтарды ұйымдастыру мүмкіндіктері туралы айтып берді.

«Біздің 10 күндік инкубациялық лагеріміз Қазақстанда соңғы жылдары сараптама, шығармашылық өзара әрекеттесу және ынтымақтастық тұрғысынан жинақтаған ең жақсы, инновациялық және қызықтының бәрін жинақтады. Қатысушылар экологиялық туризмді дамыту саласындағы өз қызметінің барлық маңызды аспектілерін пысықтай алды. Менің ойымша, бұл лагерь пайдалы болды, өйткені біз кәсіпкерлерге олардың қызметінің әлеуметтік әсері туралы ойлануға көмектестік. 5 айдан кейін Ақмола облысында әлеуметтік бағдарланған кәсіпкерлік жобалар пайда болады деп үміттенеміз», – деп бағдарламаны ОАЕҚ директоры Ринад Темірбеков қорытындылады.

Іс-шарада «National Geographic Qazaqstan» журналының, ат туризм федерациясының және «Fading TSE» қалалық зерттеу платформасының өкілдері де қонақ спикерлер ретінде сөз сөйледі. Қатысушылар сонымен қатар қолөнер мұражайы мен иппотерапия мектебіне барды.

«Барлық ұйымдастырушылар тобы мен спикерлерге зор алғысымды білдіргім келеді. Біз өте құнды білім алдық. Күн тиімді өткізілсе, ол бүкіл жылды тамақтандырады дегендей, 10 күн ішінде жобаға қатысушылар кәсіпкерлер еркін жүзу кезінде бір пұт тұз жеп қана қол жеткізе алатын білім алды. Бағдарлама менің күткенімнен асып түсті», – деп бағдарламаға қатысқан кәсіпкер Исатай Ансат өз пікірімен бөлісті.

Бағдарлама барысында қатысушылар бизнес-жобаларын дайындап, соңында «Шеврон» компаниясының, ОАЕҚ өкілдерінен және бағдарламаның серіктестерінен тұратын сараптамалық комиссиясына таныстырды. 1 наурызда өткен марапаттау рәсімінде комиссия 0%-дық қарыз беру үшін 600 мыңнан 5 миллион теңгеге дейінгі 9 жобаны іріктеп алды.

Жеңімпаздар арасында жылқы терапиясы, Зеренді курорттық аймағындағы қонақ үй, Қорғалжын ауылындағы «Даладағы көшпелі қазақтарда қонақ болу» қонақ этноүйінің жобасы, Сандықтау ауылында кәдесыйлар дайындау сияқты қызықты жобалар бар. 4 жеңімпаз қонақ үйлерді ашу және олардың қызметін жүргізу бойынша «Kazakh Tourism» тренингтеріне қатысты..

«Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестициялар жөніндегі менеджері Лейла Айтмұханова бағдарлама жөніндегі ойымен бөлісті: «Эко және этнотуризмді дамыту жобасы «Шеврон» компаниясы үшін пилоттық жоба болып табылады. Жоба компания, Орталық Азияның Еуразия Қоры, «МОСТ» бизнес-инкубаторы және туризмді дамыту саласындағы сарапшылар арасындағы ынтымақтастықтың үлгісі болып табылады. Қазақстанда жұмыс істеген 30 жыл ішінде «Шеврон» қазақстандық ұйымдармен серіктестікте елдің мәдени мұрасын сақтауға үлес қоса отырып, елдің адами капиталын дамыту үшін мүмкіндіктер жасайды. Бүгінде біз осы жобаның прогрессін мақтан тұтамыз, оның аясында еліміздегі пікірлес адамдар жұмысқа орналасу және шағын бизнес мүмкіндіктерін кеңейтіп, өңірді, мәдениетті, экономиканы, туризмді дамытуға тырысады».

«Байтақ жер» жобасы эко- және этнотуризм салаларында ауыл кәсіпкерлігін дамыту, жастарды қолдау және жаңа туристік бағыттарды ілгерілету мақсатында іске асырылуда. Жоба Ақмола облысының Зеренді, Қорғалжын және Сандықтау аудандарында жұмыс істеуде.

 

Байланыс:

Алия Испаева, жоба менеджері aliya@ef-ca.org

Айжан Жансултанова, жоба ассистенті aizhan@ef-ca.org

 

Жобаның сайты: http://baitaqzher.kz/kz.

Жобаның Instagram-дағы парақшасы: https://www.instagram.com/baitaqzher.kz/.

_________________________________

«Байтақ жер» жобасын Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Шеврон» компаниясымен серіктестікте әзірледі.

ОАЕҚ – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатты жақсарту арқылы азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.

«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өнімдерін өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.

Поделиться страницей: