Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
17 мамыр 2016 ж.
«Ауыл аймақтарда тұратын мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы әлеуметтік қызметтерді қолайлы жасау үлгісі» жобасынның презентациясы
Талдықорған, Қазақстан - 2016 жылды 19 мамырында, сағат 11-00 де, Ардагерлер Үйінде «Алпамыс» Қоғамдық Бірлестігі, USAID-тің "Тиімді басқаруды қолдау бастамасы" бағдарламасының аясында «Ауыл аймақтарда тұратын мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы әлеуметтік қызметтерді қолайлы жасау үлгісі» жобасының презентациясын өткізеді.
Аталмыш жоба ауылдағы нақты жағдайды және ауылдық аймақтарда тұратын мүгедектердің аумақтық сипаттамаларын ескере отырып, заңнамалық деңгейде әлеуметтік қызметтерді іске асыру тетіктерін жақсартуға бағытталған. Жоба, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесу үшін мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдармен әлеуметтік әріптестермен біріге іске асырылуда. Экспериметтік алаңы деп 2 аудан – Ақсу және Кербұлақ аудандары таңдалған. «Төменнен» бастамасы бойынша, ауылдық округ әкімдерінің ынтымақтастығы, әлеуметтік қызметкерлердің көмегімен ауылдық жерлерінде, оларды қанағаттандыру жолдарын мүгедектердің нақты қажеттілектерін зерттеуге және анықтауға болады. Сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс саласындағы сарапшыларды әзірлеген және ауылдық жерлерде мүгедектердің әлеуметтік қызмет көрсету жаңа моделін жетілдіріп, сынақтан өткізіледі. Әлеуметтік қорғау саласында қол жеткізген нәтижелерімен «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңға және «Әлеуметтік қызмет стандарттарына» толықтырулар мен өзгерістер еңгізу туралы құжаттар пакетін әзірленуі күтілуде.
Қосымша ақпаратты жоба жетекшісі Бексултанова Нурила Айтжанқызы арқылы біле аласыздар Байланыс телефондары: 8 728 2 30 58 73; 8 701 238 02 64 ; 8 747 429 57 66