Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
28 желтоқсан 2015 ж.
Аудандық мектептегі алғашқы Green House
Кұлсары, Қазақстан – Бүгін әлеуметтік инвестициялар саласы бойынша «Теңгізшевройл» ЖШС қаржылай қолдауымен ОАЕҚ жүзеге асырылатын «Өрлеу» жобасы шеңберінде М.Сатыбалдиев атындағы №18 мектептің жанынан жылыжайдың ашылу салтанаты өтті.
Алғы сөзді №18 мектептің директоры Ұлжан Жаймұханова алды. Жоба үйлестірушісі Үзілдік Молдағалиева атқарылған жұмыстары туралы айтып, болашақ жоспарлармен бөлісті.
Жылыжайды қалпына келтіру мектеп оқушылары мен мектепте жұмыс істейін экоклуб мұғалімдерінің гранттық жобасының бөлігі болды. Бір жыл бұрын №18 мектеп оқушылары экологиялық тақырыптағы байқау нәтижесінде екі грантқа ие болды: мектеп қасбетін жақсарту және жылыжайды қалпына келтіру. Бұл жылыжай мектеппен бірге салынған, бірақ ешқашан жұмыс істемеген. Мектеп оқушылары биология, ботаника, химия және еңбек сабақтары бойынша практикалық жұмыстарған арналған өздерінің алаңдары болғанын қалады. Балалар жұмысқа белсенді араласты: оларды 20 жыл бойы жинақталған қоқысты тазалады, жылыжайда не өсіретіндері туралы мұқият ойланды.
Айгүл Тағатова, «Өрлеу» жобасының менеджері: «Мектеп жанындағы жылыжайлы қалпына келтіру бойынша жобаны қолдай отырып, біз осы жолда бізге кездесетін барлық қиындықтар туралы білмедік. Жылыжайлар бойынша маманнан кеңес алудан кейін Құлсарыда жаз уақытында өте ыстық, осы уақытта өсіру мүмкін емес екендігі анықталды. Жылыжай күз бен жазға дейінгі аралықта жұмыс істей алатын болғандықтан, газ жылуы мен ғимаратты жылыту жұмыстарын жүргізу қажеттіліктері туындады. Қазіргі кезде жұмыстар аяқталды, жылыжай тек қана балаларды оқытудың алаңы ретінде ғана емес, аталмыш мектептің «ерекшелігі» бола алады. Мұнда мектеп асханасына аскөктен бөлек, басқа мектептер, балабақшалар мен қала ұйымдарын абаттандыру үшін гүл көшеттерін өсіруге болады. Біздің жылыжайдың болашағының зор болатынына сеніміміз мол, сонымен қатар бастама мектеп әкімшілігі мен аудандық білім беру бөлімі арқылы қолданып отыр».
Құлсары қ.аумағында ОАЕҚ жүзеге асырылып жатқан екіжылдық «Өрлеу»жобасы қоғамдық демалыс орындарын, үйлердің ауласын абаттандыру және жастардың экологиялық тәрбиесі мәселелерін шешуге тұрғындарды қатыстыруға бағытталған. Екі жыл аралығында аталмыш мақсаттарға 6 200 000 тенге көлемінде гранттар бөлінген, сегіщ көпқабатты үйлердің тұрғындары өз подъездерін қалпына келтерді, оларды қауіпсіз әрі ыңғайлы етті. Қала тұрғындары «Жансая» және «Достық» жаңа саябақтарына күтім көрсете бастады.
№18 мектеп қатысушылары экология бойынша білім алып, алған білімдерін практикада қолдана бастады, өз қатарластарымен алған білімдерімен бөлісті, аулаларды көшеттендіру үшін қайталама шикізатты пайдалану туралы шеберлік сабақтарын өткізді, флеш-мобтар, №16 және 18 мектептің оқушылары мен шағын аудандардың тұрғындары үшін ақпараттық презентациялар ұйымдастырды, саябақтарда сенбіліктерге және жылыжайды қалпына келтіру жұмыстарына қатысты. Олардың көбісі болашақта эколог болуды армандайды.