Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

16 ақпан 2017 ж.

Атырауда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасының басталды

14 ақпанда «Теңізшевройл» ЖШС-нің әлеуметтік инвестициялық жобалары бағытының қаржылық демеушілігімен 2016 жылдан бастап жүзеге асырылып отырған әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың «Жарқыра» бағдарламасының жаңа циклы басталды.

Бағдарлама қазіргі, жаңадан бастаған және потенциалды әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған кіріспе семинарлар өткізуден басталды. Семинарлар 14-15 ақпанда Атырау қаласында және 16-17 ақпанда Құлсары қаласында өтті.

Белгілі әлеуметтік кәсіпкер және бизнес-тренер Ғалым Жукупбаев, тәжірибелі кәсіпкер, бизнес-тренер Асқар Секербаев және стартап байқауларының жеңімпазы, Атыраудағы «Спикер №7» және «atyrau2go»  әлеуметтік онлайн-жобаларының авторы Ануар Жұмабай қатысушыларға әлеуметтік кәсіпкерлік дегеніміз не, әлеуметтік бизнес идеялар мен ресурстарды іздеудің әдістері, идеяға қаражат тарту, «Жарқыра» бағдарламасына қытысып, идеяны жүзеге асыруға 1,5 млн. теңгеден 3 млн. теңгеге дейін қаржы алу жолдары туралы айтты.

«Жарқыра» бағдарламасы әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдауды толықтай қарастырады: өтінімдерді іріктеу, оқыту, жобаларды қаржыландыру байқауы, тәжірибе алмасу және тәлімгерлік жүргізу.

Бағдарламаға қатысу өтінімдері 5 наурызға дейін қабылданады. Сарапшылар комитеті 25 үздік концепцияның авторларын іріктеп алады. Олар оқулардан өтіп, бизнес-жоспарларын жасайды. Одан кейін 8 үздік жобалар қаржыландыруға ие болады, олардың авторлары қажетті оқулардан өтіп, консультациялық қолдау алады.

Бұл «Жарқыра» бағдарламасын жүзеге асырудың екінші жылы. 2016 жылы 6 әлеуметтік бағыттағы кәсіпкерліктерге қолдау көрсетілді. Олар Атырау мен Жылыой ауданының 9000-нан аса тұрғындарына қызмет көрсетіп, табысты дамып жатыр және бизнес-көрсеткіштерін анағұрлым жақсарта алды. 2016 жылғы бағдарламаның басқа 3 қатысушысы қаржыландыру, тағы екеуі – қосымша инвестиция тартты.

2016 жылғы бағдарламаның жеңімпазы, «Шарға» оқу орталығының директоры Айгүл Мақтаубаева: «Жарқыраға қатысқанға дейін әлеуметтік кәсіпкерліктің не екенін білген жоқпын. Халықтың аз қамтылған тобындағы қыздарға оқу орталығын ашу идеясы бұрыннан бар еді, бірақ оны жүзеге асырудың жолдарын білмедім. «Жарқыра» бағдарламасы жобамды дамытуға күшті түрткі берді. Бір жыл бұрын осындай қарқында жұмыс жасаймын деп ойлаған емеспін. Алматыда тағылымдамада болып, кәсібімдегі соңғы трендтер туралы білдім. Қазір көрсететін қызметтерімнің түрлері екі есеге артты, қаржылық және сапалық көрсеткіштерді бақылауды, бизнесімді әлеуметтік желілер арқылы алға тартуды үйрендім, енді клиентімді және өз мүмкіндіктерімді білемін».

Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл қоғамдағы өзекті мәселелерді жаңашыл жолмен шешуге бағытталған әлеуметтік миссиясы бар бизнес. Көптеген елдерде азаматтардың өзекті мәселелерді тиімді шешуі бұрыннан келе жатқан тәжірибе. Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау – мемлекетке әлеуметтік мәселелерді шешуде көмек, бұл ақылды қайырымдылық, бұл белсенді және бей жай емес азаматтар үшін өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік.

Поделиться страницей: