Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

3 қараша 2022 ж.

Атырау урбанистері қаланы көгалдандырудың инновациялық тәсілдерін сынақтан өткізіп жатыр

«Urban Forum Kazakhstan» ҚҚ қалалық кеңістіктерді көгалдандыру бойынша «Өседі» жобасын қорытындылап жатыр. Команда көптеген қала тұрғындары үшін жасыл аймақтардың қолжетімсіздігін атап өтіп, қалалық көгалдандырудың заманауи тәсілдерді ұсынады. Жобаны Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «Qolda 4.0» жедел көмек бағдарламасы шеңберінде іске асырып жатыр.

Көгалдандыру – Атырау үшін өзекті мәселе. Жыл сайын билік қаланы абаттандыруға жүздеген миллион теңге бөледі, коммуналдық қызмет қызметкерлері мыңдаған көшет отырғызады, бірақ континентальдық климат пен топырақтың ерекшеліктеріне байланысты қалада әлі де өсімдік саны аз.

«Өседі» жобасының командасы көгалдандырудың заманауи тәсілдерін ұсынады. Бірінші кезеңде мамандар қала картасындағы барлық жасыл аймақтарды зерттеді: 70 ресми учаскелерден 32 жасыл аймақ ғана талаптарға сәйкес келеді, дегенмен бұларда да  көгалдандыру сапасы төмен, ал екпелер әртүрлілікке тапшы. 

Екінші кезеңде тұрақты жасыл аймақтарды құрудың пилоттық жобасы ретінде жоба мамандары Атырауда екі учаскені таңдап, топырақ талдауын жүргізіп, қазан-қараша айларында отырғызуды жоспарлап қойды. 

«Urban Forum Kazakhstan» ҚҚ директоры Әділ Нұрмақов жоба туралы:

«Біз «Нұрсая» саябағында өңделмеген бос учаскені таңдадық. Өз жобамызбен қаланы қалай көгалдандыруға болатындығын көрсеткіміз келеді – бірдей көшеттерді қатар-қатар отырғызып қана қоймай, ғылыми тұрғыдан жақындап, жаңа тұқымдарды қолданып, композиция жасағымыз келеді. Жұмысты бастамас бұрын топырақты зерттедік, суаруды ойластырдық және топырақтың деградациясын болдырмау үшін шараларды ойластырдық.

Көгалдандырудың екінші учаскесі «Привокзальный» шағын ауданындағы аула болмақ.  Командамыз бірнеше жылдан бері ауланы абаттандыру бойынша жұмыс істеп келеді. Отырғызу тұрғындардың жайлы да жағымды аула жайлы арманын жүзеге асырудың алғашқы қадамы болады деп сенеміз».

Команда әр учаске үшін көгалдандыру жобасын әзірледі. Өсімдіктердің құрамын жаңа топыраққа отырғызғаннан кейін көгалдандырушылар отырғызуды бақылауды жалғастырады және көрші үйлердің тұрғындары үшін жасыл өсімдіктерді күту бойынша білім беру семинарларын өткізеді.

Поделиться страницей: