Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

1 шілде 2019 ж.

Атырау облысының әлеуметтік бизнестерін марапаттау рәсімі

2019 ж. 27 маусымында Атырау қаласында Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Тенңізшевройл» ЖШС қаржылық қолдауымен жүзеге асыратын «Жарқыра» бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша үздік жобалар авторларына сертификаттар тапсыру салтанаты өткізді.

Салтанатты іс-шараға облыс әкімдігінің әлеуметтік бөлімдер басқармаларының, ақпарат құралдарының, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының, «Даму» АҚ, Атырау облысының Азаматтық Орталғының, үкіметтік емес ұйымдарының, «Теңізшевройл» ЖШС және ОАЕҚ өкілдері қатысты.

2019 ж. 28-29 мамырында байқаудың 20 жартылай финалистері сарапшылар комитеті алдында әлеуметтік жобаларын қорғады. Сарапшылар 3 грант, 6 бес жылға пайызсыз несие және 1 кәсіби тағылымдама түріндегі  қаржылай қолдауға ие болатын 10 жобаны таңдап алды. 4 жоба Атырау облысының аудандарынан, 4 жоба Атырау қаласынан және 2 жоба Құлсарыдан. 5 жоба стартап болып келеді. 8 жоба балаларды дамуыту мен білім беру саласында, ал 2 жоба денсаулық саласында. «Жарқыра» бағдарламасының жалпы қаржылай қолдау қоры 19 000 000 тг. құрады, соның ішінде 3 000 000 тг. 2017-2018 жж. «Жарқыра» байқауының жеңімпаздары қайтарған несиеден қайта инвестицияланды.

«Бүгін біз Атырау облысындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың «Жарқыра» бағдарламасы шеңберінде өтетін байқаудың жеңімпаздарын төртінші рет атап отырмыз. Бұл біз 2016 жылы бастаған және Қазақстанда алғашқы рет ұйымдастырылған  Бағдарламаның дамып жатқанын дәлелдеп отыр - деп атап өтті өз сөзінде «Теңізшевройл» ЖШС-нің үкімет және жұртшылықпен байланыс бойынша бас менеджер Рзабек Артығалиев. – Алғашқы рет жеңімпаздардың осындай санына қол жеткізіп отырмыз. Осы тұста, белсенді жұмыс жасап, несиені қайтарып бастаған әлеуметтік кәсіпкерлердің еңбек атап өтуге тиіспіз».

Байқауға 48 өтінім түсіп, оның 25 жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалистерге арнап қор маркетинг, қаржылар, стратегиялық жоспарлау және көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары бойынша бизнес-тренингтер өткізді. Сонымен қатар, қатысушылар бизнес-жоспар жазуда кеңес берушілердің көмегін алды.

«Жарқыра» бағдарламасында ӘК қолдаудың бүкіл кезеңі қарастырылған: өтінімдерді іріктеу, оқыту, қаржыландыру алу байқауы және тәлімгерлік.  Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл қоғамдағы өзекті мәселелерді жаңашыл жолмен шешуге бағытталған әлеуметтік миссиясы бар бизнес. Оны әр түрлі елдердің азаматтары өз бетімен қоғамдағы өзекті мәселелерді тиімді шешу үшін табысты қолданылып келе жатыр. Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау – бұл әлеуметтік мәселелерді шешудегі мемлекетке көмек көрсету, ақылмен жасалған қайырымдылық.

Поделиться страницей: