Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

8 сәуір 2020 ж.

Атырау облысындағы «Жарқыра» байқауының оқу грантының иегерлері анықталды

2020 ж. 3 суәірінде Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Теңізшевройл» ЖШС қаржылық қолдауымен жүзеге асыратын «Жарқыра» әлеуметтік кәсіпкерлік байқауының жартылай финалисттерін онлайн марапаттау рәсімін өткізді.

Марапаттау рәсімі алғаш рет онлайн режимінде өтеді. Бизнес дағдыларды бойынша тегін білім алып, байқаудың қазылары алдында жобасын қорғау мүмкіндігіне ие болатын жеңімпаздардың атын әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздан біліңіздер.

Байқауға осы жылы 112 өтінім түсті, ең көбі Атырау қ. мен Жылыой ауданынан. 48 өтінім жеке тұлғадан, 48 өтінім заңды тұлғадан (ЖК және ЖШС), 18 өтінім үкіметтік емес ұйымдардан түсті. Биыл облыстың ҮЕҰ зор белсенділік көрсетті.

5 адамнан тұратын сарапшылар комитетінің дауыс беруі нәтижесінде, оқу гранттарына ие болған 30 жартылай финалисттер іріктелінді. Олар Атырау қаласынан 22, Құлсарыдан 4, Махамбет ауданына 2, Индер ауданына 1, Мақат ауданына 1 жоба. Бұл жобалар: қажеттіліктері ерекше балаларды оқыту және оңалтуға (10), балаларды шығармашылық пен спортқа тартуға (8), ерексектерге арналған фитнес, жұмысқа орналастыру, психология және салауатты өмір салтын ұстануға (11) және 1 жоба пластика қалдықтарын жинау мен қайта өңдеуге бағытталған.

«Біздің қалада бәрі бір-бірімен байланыста. Сондықтан да, Жарқыра бағдарламасы мен оның жеңімпаздаы туралы көп естігенмін. Әлеуметтік кәсіпкерлердің Құрылтайында бағдарлама мен оның жетістіктерімен жақынырақ таныстым. Шабыттанып, байқауда өз бағымды сынауға бел будым. Тағы бір артықшылығы – бірден екі жобаны ұсынуға болады. Себебі, менде ерекше балаларға арналған орталық пен шеберхана бар. Жарқыраға келгеннен бері, ең басынан қолдауды сездім – пайдалы кіріспе семинарлары, өтінімді толтыру бойынша кеңестер, бағдарламаның қатысушылары әлеуметтік кәсіпкерлердің кеңестері. Бұл кезең де артта қалды. Мен бірінші іріктеуден өттім, енді білім алуға дайынмын. Рахмет!» – Эльвира Аралова.

ОАЕҚ жартылай финалисттерге бизнес дағдыларды үйрету үшін 4 тренинг өткізеді. Бұл тренингтер қатысушыларға «Жарқыра» байқауының финалына қатысу үшін бизнес-жоспар жазуға көмектеседі. Тренингтердің бір бөлігі ZOOM алаңында онлайн өтетін болады. Бұл «Жарқыра» бағдарламасы мен қатысушылар үшін жаңа жұмыс форматы. Аудиторияның қажеттіліктеріне барынша сай болу үшін, алдын-ала онлайн сауалнама жүргізіледі.

Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл қоғамдағы өзекті мәселелерді жаңашыл жолмен шешуге бағытталған әлеуметтік миссиясы бар бизнес. Оны әр түрлі елдердің азаматтары өз бетімен қоғамдағы өзекті мәселелерді тиімді шешу үшін табысты қолданылып келе жатыр. Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау – бұл әлеуметтік мәселелерді шешудегі мемлекетке көмек көрсету, ақылмен жасалған қайырымдылық.

«Жарқыра» бағдарламасында ӘК қолдаудың бүкіл кезеңі қарастырылған: өтінімдерді іріктеу, оқыту, қаржыландыру алу байқауы және тәлімгерлік. Осы уақытқа дейін қолдауға ие болған жобалар туралы толығырақ білу үшін бағдарламаның каталогын ОАЕҚ сайтынан қараңыз: http://kk.ef-ca.kz/resursy/posobiya 

Жартылай финалисттердің тізімі: https://clck.ru/MoMJU  

Поделиться страницей: