Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

5 желтоқсан 2016 ж.

Аты жаман аурудың алдын алайық

«Қазақстанда АИТВ/ЖИТС-ын алдын алу, тестілеу және емдеу бойынша нормативтік-құқықтық базаны жақсарту»  қажеттігі кезек күттірмес мәселенің бірі болып отыр.

Қазақстанда опиоидты алмастырушы терапияны (ОАТ) ең АИТВ/ЖИТС-ын алдын алу, тестілеу фактор ретінде деген қолжетімділікті және оның тұрақтылығын арттыруға арналған  нормативтік-құқықтық база жобаларын дайындап, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қарауына ұсыну қолға алынды. Бүгін Астанада аталған мәселеге қатысты маман-сарапшылардың және министрлік өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен «Аман-саулық» ҚҚ ЖИТС-ын алдын алу және онымен күресу жөніндегі республикалық орталықпен және ҚР Психиатрия, психотерапия және наркология жөніндегі республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығымен серіктесе отырып, АҚШ-ның Халықаралық даму агенттігінің (USAID) «Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» (ТБҚБ) бағдарламасы аясында Орталық Азия Еуразия қорының демеушілік көмек ретінде көрсетілген қаржысына «Қазақстанда АИТВ/ЖИТС-ын алдын алу, тестілеу және емдеу бойынша нормативтік-құқықтық базаны жақсарту» жобасын жүзеге асыруда.

Қазақстанда АИТВ індетінің таралуы бірінші кезекте инъекцияларды қолдану кезінде қауіпсіздікті сақтамаумен, сондай-ақ, қауіпті жыныстық жүріс-тұрысқа бой алдырумен байланысты болып отыр. Метадонды қолдана отырып жүзеге асырылатын ОАТ бағдарламасы инъекциялық есірткілерді қолданатын тұлғалар арасындағы АИТВ індетіне қарсы тиімді әрекеттің негізгі бөлігі ретінде халықаралық деңгейде мойындалған. Алайда Қазақстан Республикасында ОАТ бағдарламасын енгізу ауқымы төмен болып отыр. Статистикалық мәліметтерге сәйкес Қазақстандағы денсаулық сақтау мекемелері есепке ілінген инъекциялық есірткілерді қолданатын тұлғалардың 0,24%-ын ғана ОАТ-мен қамтамасыз етеді, ал жазаны орындау жүйелерінде ОАТ ұсынылмайды да. АИТВ-ын тиімді түрде тоқтату үшін ОАТ-ны алатындардың саны 20-30%-ды құрауы тиіс. Қазақстанда ОАТ-ның таралуына тосқауыл болып отырған факторлардың ішінде ОАТ-ға қолжетімділіктің шектеулі болып отырғандығын, сондай-ақ, құқықтық және әлеуметтік кедергілерді атауға болады.

«Залалды төмендетуге бағытталған тәсілдеме – құқықтарды қорғаудың ең тиімді жолы, ол АИТВ-на шалдыққан адамдардың азабын жеңілдетіп, АИТВ оқиғаларын азайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бүкіл республика бойынша ОАТ ауқымын кеңейту міндеті тұр», - дейді «Аман-саулық» ҚҚ президенті Бақыт Түменова.

«Қазақстанда АИТВ/ЖИТС-ын алдын алу, тестілеу және емдеу бойынша нормативтік-құқықтық базаны жақсарту» жобасы - АИТВ-ын алдыну алу және инъекциялық есірткілерді қолданатын тұлғалар арасындағы есірткіге тәуелділік деңгейін төмендету мақсатында ОАТ-ны ендіру жөніндегі адвокациялық науқанның жалғасы. Аталған науқанды «Аман-саулық» ҚҚ  2015-2016 жылдар аралығында ҚР ДСӘДМ-мен серіктесе отырып, БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (UNODC) және Орталық Азия Еуразия қорының (ТБҚБ жобасы, USAID) қаржылық қолдауымен жүзеге асырған болатын. Науқан аясында АИТВ-мен байланысты жағдайды талқылау және Қазақстанның 14 қаласында ОАТ туралы сенімді ақпаратты ұсынуға арналған қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылды. Осы жобалардың нәтижесінде 2016 жылдың 13 қаңтарында метадон мемлекеттік тіркеуге алынып, ҚР Дәрілік заттар тізіліміне енгізілді. 2016 жылдың 6 қазанында ОАТ бағдарламасымен қамтамасыз етілетін емделушілердің саны 315 адамды құрады. 2017 жылдан бастап жергілікті бюджет қаржысы есебінен ОАТ бекеттері қызмет жасайды деп көзделіп отыр. Қазіргі таңда ОАТ бағдарламасы Қазақстанның үш (Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай облыстары) аймағында жергілікті бюджет қаржысынан қаржыландырылып отыр.

Сарапшылардың пікірінше, құқықтық жән әлеуметтік кедергілер Қазақстанда АИТВ-ның залалын ОАТ-ның қолжетімділігін шектеп отырған басты факторлар болып табылады.

Дөңгелек үстел барысында «Аман-саулық» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы ОАТ бағдарламасының тұрақтылығын және қолжетімділігін кеңейту жолдары сараптамалық және медициналық қоғамдастықтың өкілдерімен, денсаулық сақтау басқармасының, СПИД орталықтарының, облыстық наркологиялық диспансерлердің басшыларымен, ОАТ бағдарламасын енгізу туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бұйрықтарының жобалары талқыланды.

Азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың жұмыла жұмыс жасауы арқасында Қазақстанда ОАТ бағдарламасын кеңейтуге кедергі болып отырған тосқауылдарды, оның ішінде заңнамалық шектеулер, қаржылық және техникалық мәселелерді шешуге бағытталған шараларды дәйектілікпен жүзеге асыру мақсатында ,осы тосқауылдарға талдау жасалып, оның нәтижелері ұсынылатын және iс- шаралар жүзеге асырылатын болады.

http://www.kazdala.kz

Поделиться страницей: