Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

14 сәуір 2016 ж.

Есірткі тұтынушылар үшін сүйемелдеуші емдеу мәселелері бойынша Ақтау қаласында қоғамдық тыңдау өтеді

Ақтау, Қазақстан - 2016 жылдың 19 сәуірі күні «Аман-саулық» ҚҚ, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен және СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Республикалық Орталықпен серіктесе отырып, «Орталық Азияның Еуразия Қоры» КҚ мен  Халықаралық даму жөніндегі АҚШ Агенттігінің (USAID) «Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» бағдарламасының қолдауымен Ақтау қаласында «Қазақстанда ВИЧ-тің алдын алу үшін ОАЕ ендіру» жобасы шеңберінде Қоғамдық тыңдауларды өткізеді.

«Қазақстан Республикасында опиоидтық алмастыру емдеуі (ОАЕ) дамыту келешектері» жобасының шеңберінде 2015 жылы «Аман-саулық» ҚҚ ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен және СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Республикалық Орталықпен серіктестіп, БҰҰ Есірткілер және қылмыстылық жөніндегі басқармасының қолдауымен сынамалық жобасы іске асырылып жатқан 10 қалада ОАЕ бағдарламасы туралы Қоғамдық тыңдауларды өткізді.

Өткізілген аймақтық Қоғамдық тыңдаулардың қорытындылары БҰҰ Есірткілер және қылмыстылық жөніндегі басқармасы Астана қаласында 2015 жылдың 11 желтоқсанында ұйымдастырған Конференцияда талқыланды, онда Қазақстанда ОАЕ ендіру жөніндегі ұсыныстар қабылданды, олар ҚР ДӘДМ, ІІМ, СІМ, ПӘ, ҚР Қауіпсіздік жөніндегі кеңесіне, ҚР Бас Прокуратурасына жіберілді.

Қоғамдық тыңдаулардың мақсаты ВИЧ-инфекция және Қазақстанда ОАЕ ендіру жағдайларын жан-жақты талқылау болып табылады. Қоғамдық тыңдаулардың жұмысында сарапшылық және медициналық қауымдастықтың өкілдері, Денсаулық сақтау, білім басқармаларының басшылары, СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күресі жөніндегі облыстық орталықтың, Наркологиялық диспансердің, құқық қорғау органдарының (ІІД ЕББ және ҚАЖБ) басшылары, мәслихаттардың депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, емделушілер, сондай-ақ есірткіге тәуелділікпен ауыратын емделушілердің туған-туыстары қатысады.

Осыған ұқсас Қазақстан Республикасының инъекциялық есірткілерді тұтынатын тұлғаларының (ИЕТТ) арасында ВИЧ-инфекцияның алдын алу және есірткіге тәуелділік деңгейін төмендету мақсатында есірткі тұтынушылар үшін сүйемелдеуші емдеу мәселелері бойынша Қоғамдық тыңдауларды Алматы, Ақтау және Атырау қалаларында өткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі күні қоғамдық тындаулар Шымкент қалада өткізілді.

Опиоидтық алмастыру емдеуі (ОАЕ) туралы қосымша ақпаратпен Сіз: http://www.amansaulyk.kz/, http://www.rcaids.kz/, http://www.rnpc.kz/ сайттарынан таныса аласыз.

Қоғамдық тыңдаулар 2016 жылғы 19 сәуірде (сейсенбі) сағат 10.00-де Ақтау қаласы, шағын ауданында 34А мекенжайында орналасқан Облыстық қан орталығы ғимаратында өтеді.

Тіркеу сағат 9.30-да басталады. БАҚ өкілдері осы шараға шақырылады.

Аккредиттеуді алу үшін хабарласу тел.: +7 (727) 292‑04‑85, amansaulyk@mail.ru

(«Аман-саулық» ҚҚ, Алматы қ., Байтұрсынов көшесі, Ғабдуллин көш. қ-сы, 145/26, 1 қабат, каб. 110, 112).

Назар аударыңыз! Құрметті журналистер, ҚТ өткізу кезінде бейнеге және суретке түсірудің айрықша шарттары болады, олармен Сіздерді шараны ұйымдастырушылар тіркеу кезінде таныстырады.

Поделиться страницей: