Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

1 маусым 2016 ж.

Қаржылық тұрақтылық үшін ҮЕҰ «қайта жүктелуі»

4-6 мамырда Алматыда ҮЕҰ көшбасшылары – Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің қатысушыларына арналған бағдарлы тренинг өтіп жатыр.

Бизнес тренерлер Ғалым Жукупбаев пен Малик Мусабаев екі топта қазақ және орыс тілдерінде оқытуды жүргізеді. 15 ҮЕҰ көшбасшылары әлеуметтік кәсіпкерлік туралы, бизнес идеялар мен қорларды іздеудің тәсілдері турады ақпарат алып, Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебіндегі оқыту бағдарламасымен танысады. Тренингтің үшінші күнінде ОАЕҚ менеджерлерінің басшылығымен қатысушылар топта өз бизнес жобаларын құрастыруға кіріседі.

Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі Орталық Азияның Еуразия Қорымен ҮЕҰ Сараптама орталығы базасында, Шеврон компаниясының қолдауымен жүзеге асатын «ҮЕҰ Сараптама орталығының орнықтылығы жөніндегі бастамасы» жобасының шеңберінде құрылды. Мектеп әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың негіздері мен ҮЕҰ әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысуы үшін әлеуетін арттыру мақсатында жұмыс жасауға бағытталған.

Жоба қатысушылары қазақ және орыс тілдерінде тек қана теориялық қана білім алып қоймай, өз білімдерін практикалық тапсырмаларымен бекітеді. Мектептің әр қатысушына стратегиялық және бизнес жоспарларды жасауда кеңес беретін, сондай-ақ ұйымның әлеуетін арттыруға және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға қажетті барлық сұрақтар бойынша кеңес беретін координатор бекітіледі.

«Мен бұл жобаға өте қатты қатысқым келген және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша нақты білім аламын деп сенемін. Мен басқаратын ұйымның әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысуға қаншалықты әлеуеті жететінін анықтауға мүмкіндік болады деп ойлаймын», - деп тренинг қатысушысы Зоя Сейтбекова атап өтті, «Интеллект» ҮЕҰ, Шымкент.

Мектеп қатысушылары – қатал іріктеу мен сұхбат беруден өткен Алматы және Алматы облысының 15 ҮЕҰ. Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебіне қатысу үшін байқау 2016 жылдың 4 мен 20 сәуірі аралығында өтті. Мектепте білім алу 9 айға есептелген.

«ҮЕҰ  Сараптама Орталығының орнықтылығы жөніндегі бастама» жобасы ҮЕҰ секторының қаржылай тұрақтылығын дамытуға, сондай-ақ оқуға деген әлеуметі мен ынтасы бар ҮЕҰ арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған..

Поделиться страницей: