Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

2 қазан 2015 ж.

Арнайы әлеуметтік қызмет: сөз бен істің - бірігуі

Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Интеграцияланған арнайы әлеуметтік қызметтер моделі – тұтынушыға бағытталған тәсіл» жобасы жүзеге асырылуда («ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры Орталық Азиядағы Еуразия Қоры мен  USAID тиімді басқаруды қолдау бастамасы аясында қолдау көрсетуімен жүзеге асыруда). Шығыс Қазақстан осындай интеграцияланған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету (АӘК) моделін апробациялау үшін пилоттық аймақ болып шығып отыр.

Жобаны бастауға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету саласының үш басты проблемалық тұсы негіз болып отыр:

- АӘК (әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау) негізгі «ұсынушыларының» ведомствоаралық бытыраңқылығы, оның ішінде 7 жыл бұрын үкіметтік емес ұйымдар да (ҮЕҰ) енгізілген болатын.

- кешенділік принципін жүзеге асырудағы олқылықтар (әрбір сала бекітілген нормативтерге сәйкес өз қызметін ұсынады, бірақ нақты АӘК көрушінің өмірлік жағдайына байланысты  «оқиғамен жұмыс істеу» жүйесінің болмауы);

- АӘҚ тұтынушыларының түрлі категорияларының қанағаттану деңгейін өлшеудің тиімді үдерісінің болмауы (сапа мониторингісі).

Не себепті дәл интеграцияланған тәсіл қажет, ол арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің әрекеттегі тәсілінен несі артық? Бүгінгі күні АӘҚ көлемін жоспарлау негізінен «мекемеден» принципімен жүзеге асырылады. Бұл кезде осы қызметтердің тұтынушыларға қаншалықты қажетті, қандай көлемде және дәл осы қызмет көрушіден қажет пе деген сұрақтарға мән берілмейді. Оған қоса, түрлі сала мамандары бір адаммен жұмыс істейтін кездер де жиі кездеседі – мысалы, денсаулық сақтау саласының әлеуметтік жұмысшылары мен әлеуметтік қорғау мамандары бір адаммен жұмыс істеуі ықтимал. Бірақ әрбір сала  өз жоспарымен жұмыс істейді, бір-бірімен келіспейді де. Өкінішке орай, мұндай тәсіл ойлағандай нәтиже бере қоймайды.

Ал интеграцияланған тәсіл, бірінші кезекте тұтынушы мен оның қажеттіліктеріне бағытталады. Адам өзіне қажетті қызмет пен оның көлемін өзі таңдауына, түрлі қызмет көрушілерді таңдап, біріктіруіне ұмтылу керек, яғни «кешенді түскі асты» «швед дастарханына» айналдыру қажет.

Жобада жоспарланған интеграцияланған АӘҚ  моделі арнайы әлеуметтік қызмет көрсету тәсілдерін қызмет көрсетушілерге де, тұтынушылар үшін де жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл моделді жасап шығарушы АӘҚ көрушілер (тәжірибе тобы) тартылады, олар өз өмір сапасын жақсартуға арналған үдеріске автор ретінде қатыстырылады.

 АӘҚ жүйесін модернизациялау идеясы мен жоспарлаудың басты принципін өзгертуді болжайтын интеграцияланған тәсілді енгізу – «ведомство мүддесі» позициясынан «тұтынушы мүддесіне бағытталу» позициясы бүгіннің өзінде аймақтық және республикалық көлемде қолдау тауып отыр. Жоба жалғасуда, алдағы уақытта тәжірибелік топтың жұмысын бастау, талдау тобының интеграцияланған АӘҚ моделін жасау бойынша ықтиятты жұмысы жоспарланып отыр.

Жаңалықтардан құр қалмаңыз!

"ЗУБР"  қорының дирекоры, В. Кулик

Поделиться страницей: