Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

31 тамыз 2022 ж.

Қарағанды облысында 2000 бала төтенше жағдайларға жауап беру бойынша трениңдерден өтті

Қызыл Ай қоғамының Қарағанды облыстық филиалы халық арасында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ақпараттық-ағарту науқанын жүргізіп жатыр. «Қорғану құқығымыз» жобасын Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «Qolda 4.0» жедел көмек бағдарламасы шеңберінде іске асыруда.

Жобаның серіктестері жастар ресурстық орталықтары мен Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті болды. Департамент жазғы кезеңде оқушылар арасында жарақаттану мен өлім деңгейінің артуын атап өтті.

Жоба командасы жазғы мектеп жанындағы және қала сыртындағы сауықтыру демалыс лагерлері, аулалар, жастар ресурстық орталықтары базасында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша оқыту жүргізеді. Сондай-ақ трениңдер зорлық-зомбылық пен қатыгездікті алдын алу, стресске қарсы тұруға бағытталған. Жобаға барлығы 2000 оқушы мен жасөспірім қатысты.

Науқан аясында Қызыл Ай қоғамының Қарағанды облыстық филиалының командасы волонтер студенттермен бірге мектеп қызметкерлері мен ата-аналар арасында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр. Қарағанды облысы бойынша барлығы 6 500-ден астам адам қамтылды.

Халықпен жұмыс жүргізіліп жатыр: 1 маусымнан бастап облыс су айдындарында 18 науқан өткізілді, қауіпті су айдындарында 25 тыйым салу белгісі орнатылды. Волонтерлер 2500 оқу парақшасын таратты.

Ұйым директоры Татьяна Абрамова атап өтеді: «Облысымызда табиғи апаттар ең алдымен балаларға әсер етеді. Тек 2022 жылы бала нөсер арнасына батқан 3 аты шулы жағдай және бала терезеден құлаған жағдай тіркелді. Бұл қасіреттің себебі анық - балалар қараусыз қалды. Біз балалармен және халықпен төтенше жағдайлар кезінде жарақаттану мен өлімнің алдын алу бойынша жұмыс істейміз. Оқытылған халық ТЖ іс-шараларына қатысатын болады».

Байланыс:

Татьяна Абрамова, Қызыл Ай қоғамының Қарағанды облыстық филиалының директоры

8 7015128975

Жания Хаирова, «Qolda» бағдарламасының коммуникациясы бойынша менеджер

zhaniyaenu@gmail.com

_________________________________

«Qolda» жедел көмек бағдарламасы Орталық Азияның Еуразия Қоры және «Шеврон» компаниясының серіктестігімен жүзеге асырылып отыр.

ОАЕҚ – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.

«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өнімдерін өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.

Поделиться страницей: