Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
22 тамыз 2017 ж.
Қапшағайда мемлекет пен ҮЕҰ ынтымақтастығын нығайтуды көздеген тренинг өтті
16-18 тамызда Қапшағайда "Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастық деңгейін арттыру" атты тренинг өткізілді. Аталған тренинг USAID-тың "Тиімді басқаруды қолдау бастамасы" (ТБҚБ) жобасының грант иеленуші ұйымдарының әлеуетін арттыру компоненті аясында орын алды.
Іс-шараның мақсаты азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік билік органдары арасындағы тиімді өзара әрекеттестік механизмдерін жетілдіру болатын.
"Мұндай семинар-тренингтерді өткізу аса қажет, себебі осындай кездесулер барысында ҮЕҰ мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы түсініспеушіліктер азаяды. Әсіресе Ресейдің тәжірибесі өте пайдалы болды (спикер РФ Азаматтық сараптама және тәуелсіз зерттеулер орталығының директоры Светлана Маковецкая), ол ҮЕҰ мен меморгандардың өзара әрекеттестігін екі тараптан да көрсетіп берді, бұл "мемқұрылымдардың ҮЕҰ-ларды елемеушілігі" мәселесінің шешімін табуға мүмкіндік береді", - деп семинар жайында Павлодар облысының мүгедектігі бар жандармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы Әлия Исимбаева семинар жайлы өз пікірін білдірді.
"Қазақстанның Азаматтық Альянсы" ЗТБ директоры Гамал Түзелбаевтың айтуынша "осындай семинарлар ҮЕҰ мен мемлекеттің арасындағы қажетті диалогтың бастамашысы". "Біз жұмылсақ жұдырық боламыз!", - деп сөз соңында Г.Түзелбаев мырза оптимистік көзқарасын білдірді.
Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де мұндай семинарлардың маңыздылығын атай келе, "біз оқуды жалғастыруға дайынбыз" деп сөздерін тәмамдады.
Тренингке Алматы қаласының, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылорда облысы, Жамбыл және Алматы облыстарының меморгандар мен ҮЕҰ өкілдері қатысты. ТБҚБ ағымдағы жобаларының әрқайсысы жоба бойынша серіктес-мемлекеттік органмен көпшілікке таныстырылды.
Семинар шеңберінде әлеуметтік саладағы кейбір мемқызметтерді ҮЕҰ-ға тапсыру; қоғамдық кеңестердің рөлі; ШҚО, Өскемен қаласының үлгісінде жергілікті өзін-өзі басқару; Мемқызметтерді ҮЕҰ-ға тапсыру бойынша халықаралық тәжірибеге шолу; үкіметтік емес ұйымдарды әлеуметтік саладағы қызметтердің кеңейту үрдісіне қатыстыру сынды мәселелер қарастырылды.