Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
4 сәуір 2024 ж.
Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа мүмкіндіктері
Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің бірегей түрі. Республикамыздың солтүстігінде орналасқан Ақмола облысы жерінің сан алуандығы, табиғи байлықтары мен дәстүрлі ауыл мәдениеті арқасында агротуризмнің дамуына қолайлы орта болып табылады.
Ақмолалық агротуризмнің жарқын келешегі бар екенін келесі мысалдардың көмегімен дәлелдейміз.
- Бірегей табиғат
Қазақтың ақын-жазушылары Ақмола облысының табиғи сұлулығына көптеген шығарма арнады. Бұл жердің тумасы Сәкен Сейфуллин өзінің «Көкшетау» дастанында туған жерін 80 көлмен қоршалған дала маржаны ретінде суреттеді.
Ақын атамыз айтқанын шындауға тура келеді, себебі шекарасы жоқ даладан өз көркемдігімен ерекшеленетін тасты тауларға мен көлдерге дейін Амола жерінде туристерді қызықтыратын барша табиғи байлықтар табылады. Агротуристер тауларға жаяу шығып, көлдерде балық аулап, қалың орманда, көлдер мен өзендерде саяхаттап, табиғаттың бірегей сұлулығынан таңқалады.
Жазғы мен күзгі уақытта облыс қонақтары жергілікті жидектердің дәмін татып, саңырауқұлақ пен емшөптерді жинай алады. Ал қыс мезгілінде ертегідей әдемі орманға шаңғымен шығып, ерекше суреттерді түсіреді.
- Ауыл шаруашылығы және дамыған агрошаруашылық кешен
Ақмола облысы – Қазақстанның бас астық аймағының бірі, бидай, көкөніс, ет пен сүт өндіруді біріктіретін ауыл шаруашылығымен танымал. Агротуристер жергілікті тұрғындармен бірге фермаларда жұмыс істеп, егін отырғызып не оны жинап, мал мен құстарды бағып, дәстүрлі өнімдерді дайындап, ауыл өмір салтын түсінеді. Бірлескен еңбектің арқасында туристер ауыл шаруашылығының үдерістерін түсініп қана қоймай, ауыл тұрғындарының еңбегін бағалау мүмкіндігіне ие болады.
- Мәдени мұра мен әдет-ғұрыптар
Ақмола облысында бай мәдени мұра ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді. Ұлттық әдет-ғұрыптар, мерекелер мен қолөнерлерді сақтауға, насихаттауға және дамытуға агротуризм зор үлес қоса алады. Жергілікті салт-дәстүрлердің саны мен түрленуі кеңестік уақыт кезінде күштеп қоныс аударған халықтардың сан алуандығына байланысты. Ал елордамыздың қасында бүгінде мұражай ретінде танылған ОСӘАЛ орналасқан.
Өңірдің салт-дәстүрлері тарихи оқиғалардың арқасында көптеген халықтардың мәдени мұраларынан құралған. Сол себептен, мұражайларға барудан бөлек туристер ұлттық қолөнер шеберлік сабақтарына қатысып, тағам дайындау үлгілерімен танысып, қымызмұрындық, масленица, Наурыз секілді мерекелік іс-шараларға қатыса алады. Балалармен бірге рождестволық гүл шоқтарын жасау мен бұл мерекеге тән коляда әндерін айту, ауылда пасхалық жұмыртқаның дәстүрлі бояу тәсілдерін меңгеру, Құрбан айтты тойлаудағы айырмашылықтарды байқау – осының барлығы турист үшін түрлі тілдерден мен мәдениеттерден құралған әлемді білуге, басқаларды мен өзін тануға айрықша мүмкіндік береді.
- Ауылдық аймақтардың дамуы
Агротуризм ауылдық аймақтардың экономикалық дамуына оң әсер етуі мүмкін. Қонақ үйлер, жергілікті тағамдарды дайындайтын мейрамханалардың салынуы, туристтік инфрақұрылымдың дамуы арқасында инвесторлардың бұл аймақтарға деген қызығушылығы артады, жаңа жұмыс орындары да пайда болады. Осының барлығы жергілікті тұрғындардың өміріне жағымды өзгерістерді әкеліп, аймақтың тұрақты дамуына жығымды ықпал жасайды.
Ауылдық тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен сектістікте бір жылдан астам «Байтақ жер» жобасын жүзеге асыруда. 2023 жылдың қазанында Ақмола облысында эко-, этно-, агротуризмді дамытуға бағыттылған бұл жобаның ІІ кезеңі басталды. Биыл жобаға қатысуға ниет білдірген 70-тен астам жергілікті кәсіпкер өтінім қалдырды. Өткен жылмен салыстырғанда, өтінімдердің саны 20%-ға артты. Бұл көрсеткіш Ақмола облысында балама туризмнің дамытудағы мүмкіндіктерді жақсы суреттейді.
- Экологиялық туризм
Ақмола облысында орналасқан Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорық, «Көкшетау», «Бурабай», «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтары, Бұланды, Ерейментау, Атбасар мемлекеттік табиғи қаумалдары аймақтың табиғи байлықтарының өзгешелігін дәлелдейді.
Жергілікті табиғатын аялауға әрбір тілек білдіруші өз үлесін қоса алады. Туристер орманшылармен бірлесіп, аңдарды мен өсімдіктерді қорғап, ағаш дәндерін жинап, көшет егумен айналыса алады.
Жоғарыда жазылған барша аспектілер - Ақмола облысында агротуризмнің дамуы үшін барлық жағдай бар екендігінің дәлелі. Бұл өңірдің айрықша табиғи ландшафты, бай ауыл шаруашылығы, мәдени мұрасы және ауылдық жерлерді дамытуға арналған мүмкіндіктері туристерді қызықтыруымен қатар агротуризм және облыстың тұрақты дамуының басты факторы бола алады.
«Байтақ жер» жобасы туралы толық ақпаратты http://baitaqzher.kz/kz ресми сайтынан, сондай-ақ жобаның Instagram парақшасынан таба аласыз.
Байланыс:
Алия Испаева, жоба менеджері aliya@ef-ca.org
Айжан Жансултанова, жоба маманы aizhan@ef-ca.org
_________________________________
«Байтақ жер» жобасын Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Шеврон» компаниясымен серіктестікте әзірледі.
ОАЕҚ – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатты жақсарту арқылы азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.
«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өнімдерін өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.