Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

5 қыркүйек 2022 ж.

Алматылық кәсіпкерлер халықаралық маркетплейстерге шығуға үйренеді

«Арғымақ әлеуметтік даму қоры» ҚҚ сәуірден бастап әлеуметтік осал санаттар үшін Ebay, Wildberries, Kaspi және Amazon электрондық сауда алаңдарында сауда жүргізуге оқыту бойынша «Жаңа Белес» білім беру жобасын іске асырып жатыр. Команда көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 460 адамды микробизнес пен электрондық коммерцияға оқытуды жоспарлап отыр. Барлық оқыту курстары тегін жүргізіледі. Жобаны Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «Qolda 4.0» жедел көмек бағдарламасы шеңберінде іске асырып жатыр.

Жобаның бастапқы кезеңінде курстарға қатысушылардың ең төменгі кірісі 100 000–150 000 теңге, ең жоғарысы – 11 млн теңге болды. Қазақстандағы және шетелдегі маркетплейстердегі сату бойынша жалпы тауар айналымы 70 млн теңгені құрады.

Жобаға қатысушылардың 80 %-ы 18-ден 64 жасқа дейінгі әйелдер. Команда әлеуметтік санаттағы әйелдер мен көп балалы аналарды жұмыспен қамтуға, әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға ерекше көңіл бөледі.

Мысалы, жоба қатысушысы Сандуғаш Есенбекова – «Ару-ай» тігін цехының иесі және 6 баланың анасы. Ол «Құрақ көрпе» стилінде ұлттық бұйымдарды тігумен айналысады.

Курстарда оқығанға дейін ол өнімдерді ұсыныстар бойынша мен шеберхананың Instagram аккаунты арқылы әрең сатты. Марткетплейсте тіркелгеннен кейін, бірінші күннен бастап ол 1 тапсырыс үшін кем дегенде 4 өнімді сата бастады. Оның әр чегі орташа есеппен 250 000 теңгені, ал айлық айналымы 2,5 млн теңгені құрады.

«Әйелдердің көбі бизнесті өз бетінше бастауға қорқады. Оларға сенімсіздік, күйеуі немесе туыстарының айыптауы қиындық туғызады. Жауапты тәлімгерлердің басшылығымен әйелдер кедергілерді еңсеріп, өз бизнесін бастайды. Егер адам тырысса, оған барлығы да мүмкін», – деп атап өтеді жоба менеджері Жұмагүл Тәжібекова.

Қор командасы қызығушылық танытқан барлық адамдарды жобаның Instagram-дағы @argymaq_fund аккаунтына жазылуға шақырады.

Байланыс:

Жұмагүл Тәжібекова, «Жаңа Белес» жобасының менеджері, «Арғымақ әлеуметтік даму қоры»

+7 777 113 6714

Жания Хаирова, «Qolda» бағдарламасының коммуникация менеджері

zhaniyaenu@gmail.com


«Qolda» жедел көмек бағдарламасы Орталық Азияның Еуразия Қоры және «Шеврон» компаниясының серіктестігімен жүзеге асырылып отыр.

 

ОАЕҚ – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.

«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өнімдерін өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.

Поделиться страницей: