Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
1 маусым 2017 ж.
Алматыда жасырын мемқызметтерді анықтау жөніндегі фокус-топтың мемлекеттік орган қызметкерлімен бірлескен отырысы болып өтті
USAID және Орталық Азияның Еуразия Қорының «Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» жобасының аясында «Қоғамның дамуын ақпараттық қолдау қоры» жүзеге асырып жатқан «Қызметтер сапасы - қоғамдық бақылау аясында» жобасы 30 мамырда Алматы қаласында жасырын мемқызметтерді анықтау жөніндегі фокус-топтың мемқызметкерлермен бірлескен отырысын өткізді.
Іс-шара 2 түрлі мақсатты көздеген болатын: меморган қызметкерлері - қызмет көрсетушілерден жасырын қызметтердің үлгілері, критерийлері, белгілері туралы ақпарат алу және қызметкерлерде жасырын қызметтерді анықтау жөнінде қандай да бір ұсыныстары бар-жоғын анықтау.
Фокус-топтың жұмысына 15 адам қатысты.
Кездесу барысында келесідей тақырыптар ортаға салынды: жасырын мемқызметтер түсінігі, жасырын мемқызметтерді анықтаудың қажеттілігі; жасырын мемқызметтердің ерекше белгілері (критерийлері); жасырын мемқызметтерді анықтау механизмі.
Жиналыс барысында қатысушылар жасырын мемқызметтер туралы өз түсініктерімен бөлісті, мұндай қызметтердің мүмкін болатын мысалдарын келтірді, жасырын мемқызметтерді анықтау не себепті маңызды және оларды анықтамаған жағдайдағы салдарлары туралы сөз қозғады. Жасырын мемқызметтерді анықтау бойынша әдістемелік құралын жасап шығару мәселесі қатысушылар арасындағы үлкен талқылауға арқау болды.
Жобаның директоры Сергей Пизиковтың айтуы бойынша осындай фокус-топтарды Қазақстанның үш өңірінде (Алматы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары) меморган қызметкерлері-қызмет көрсетушілермен өткізу жоспарлануда. Фокус-топтың құрамы басшылардан емес, мемқызмет көрсету ісіне тікелей қатысатын 10-12 қызметкерден құрылуы тиіс.