Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

23 маусым 2023 ж.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында халықтың

Қатысушылар қолөнер немесе көкөніс өсіруді үйреніп, жеке микробизнесін дамытуға
16 мамыр 2023 ж.

Орал қаласында Orle Fest қалалық фестивалі өтеді

Келген қонақтарды жергілікті қолөнершілердің дизайнерлік бұйымдар мен
15 мамыр 2023 ж.

Ақмола облысында иппотерапия сабақтары мен ат турлары

«Keremet jol» қоғамдық бірлестігі Ақмола облысында иппотерапия сеанстарын өткізіп

17 маусым 2016 ж.

Алматыда құқық қорғау ҮЕҰ-на арналған әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша тренинг өткізіледі.

Тренингті Нидерланды Королдігі Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Құқық қорғау ҮЕҰ-ларының орнықтылығы жөніндегі бастама» жобасының аясында Орталық Азияның Еуразия Қоры өткізеді.

Тренингтің қатысушылары құқық қорғау саласында әрекет ететін және өз ұйымдарының тұрақтылығын күшейту мен дамытудың тиімді жолдарын іздейтін Қазақстанның әр аймағынан жиналған Үкіметтік емес ұйымдар болмақ.

Тренинг барысында қатысушылар өз ұйымдарындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері жайлы танып біледі, ӘК бизнес идеяларын іздестіру әдістерін қарастырады, өз ұйымдарының дамуының диагностикасынан өтеді және байқауларға қатысу мен гранттарды иелену үшін өтінімдер жазудағы білімдері мен қабілеттерін жақсартуға мүмкіндік алады.

Құқық қорғаушыларға ОАЕҚ Атқарушы директоры Ринад Темирбеков, ОАЕҚ ұйымдық даму, жобаларды басқару және фандрайзинг жөніндегі сарапшысы Ирина Найденова, ОАЕҚ зерттеу және бағдарламаларды құрастыру бөлімінің менеджері Индира Айтбай тренер болады.

«ҮЕҰ үшін өзекті мәселелердің бірі қаржылай тұрақтылық болып табылады, себебі халықаралық донорлар грант бөлуді шұғыл қысқартты, ал ҮЕҰ көпшілігі тек гранттан грантқа ілесіп өмір сүреді. Бұл жоба әлеуметтік кәсіпкерліктің негіздерін оқытуға және ҮЕҰ-ның әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысу әлеуетін арттыруды мақсат етеді. Қаржылай тұрақты болу үшін өз бетінше қаражат тауып үйрену қажет, және әлеуметтік мәселелерді де шешкен жөн. Біздің жобамыздың негізгі мәні осы, және де біз қатысушыларымыз тың білімдер жинақтайды, өз ұйымдарының тұрақтылығын дамытудың күтпеген жолдары мен шешімдерін табады деп үміттенеміз», - Алма Шолпанқұлова, жоба менеджері.

Жоба құқық қорғау ҮЕҰ-ның тұрақты дамуына бағытталған және 2017 жылдың сәуір айына дейін жалғасады.

Қосымша ақпарат алу үшін ОАЕҚ Жоба менеджері Алма Шолпанқұловаға тел: (727) 250-18-10, ішкі 124, alma@ef-ca.org бойынша және ОАЕҚ Жоба жөніндегі ассистенті Жазира Жүнісоваға тел: (727) 250-18-10, ішкі 134, zhazira@ef-ca.org

Поделиться страницей: