Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

16 қазан 2017 ж.

Алматыда педагог-психологтардың біліктілігін арттыруға арналған тренинг аяқталды

Алматыда мектептердің педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтерінің біліктілігін арттыру бағдарламасын бағдарламасын апробациялаудың  екінші кезеңі аясында ұйымдастырылған алтыкүндік тренинг өз жұмысын аяқтады. Тренинг ТБҚБ «TEENS: қолжетімді және сапалы көмек» жобасының шеңберінде өткізілді.

Гила Петрова, Израилдік тренер-эксперт: "Алғашқы тренингпен салыстырғанда мамандардың деңгейі әлдеқайда жоғарылаған. Меніңше бұл тәжірибелік жұмыс кезеңінің арқасы. Мамандардың кәсіби рефлексия жасау мүмкіндіктерінің артқандығы қуантады, олар оны екінші модулде шыңдай түсті. Біз мамандарда жинақталған сұрақтарды талқыладық, әрі қарайғы бірлескен жұмысқа жоспарлар жасалды. Менің ойымша, мектепте ата-аналармен жұмыс жүргізу - профилактиканың келешегі мол бағыты, себебі әр балаға жеке психолог сайлай алмайсың, ал топтық жұмыс неғұрлым көп адамға қол ұшын созуға мүмкіндік береді. Мұның болашағы зор және аталған жобаның бұл бағытты дамытып жатқандығы қуантады."

Тренингке алғашқы оқыту кезеңінен өткен және мектепте ата-аналармен тәжірибелік жұмыс жүргізген мемлекеттік мектептердің қызметкерлері , Алматы қ. білім басқармасының өкілдері қатысты. Алматы қ. №27 гимназияның педагог-психологы Елена Занина: "Тренерлер мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз. Біз өз сұрақтарымызға жауап алдық және осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға аса үлкен ынта пайда болды. ЖОО-да үйренбеген ақпаратты алғанымызға қуаныштымын, атап айтқанда бұл ата-аналармен, жасөспірімдермен жұмыс - ал бұл адам өміріндегі ең маңызды жастардың бірі". №60 гимназияның педагог-психологы Ольга Солоненко: "Бұл тренингте жасөспірімдермен тәжірибелік жұмыстарға басты назар аударғанымыз мен үшін аса маңызды болды. Маған осы кезең өте мәселелі болатын. Біздің мектептің балалары топтық жұмысқа қатысты, сондай-ақ біз жеке жұмыс үлгісімен де таныстық. Мұның барлығы құнсыз. Енді бұл бағытта әрі қарай не істейтінімді анық білемін".

Тренингке белсенді қатысқандардың бірі - ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі Баян Байтукова болды. "Мен тренингке тек екінші модулден келіп қосылдым. Мұнда көз жеткізгенім - тәжірибенің молдығы. Бұл курста мамандардың тек оқып қана қоймай, бүкіл материалды өне бойынан өткізуге мүмкіндігі бар. Бұл курс менің кәсіби сенімімді оятты. Бұл жүйелі мәселе болғандықтан, өз атымнан оның енгізілуіне кепілдік бере алмаймын, әйтсе де, бұл курс қазақстандық мектептер үшін пайдалы болады деп есептеймін", - деп Б.Байтукова өз ойымен қуана бөлісті.

«Әйелдер көшбасшылығының қоры» Қоғамдық қоры USAID және «Орталық Азияның Еуразия Қорының» қолдауымен «TEENS: қолжетімді және сапалы көмек» жобасын жүзеге асырып келеді.

Жобаның мақсаты - азаматтық қатысу механизмдері арқылы жасөспірімдер мен жастар арасындағы суицидтің алдын-алудың мемлекеттік бағдарламасының профилактикалық құрамдас бөлігін күшейту.

 

Поделиться страницей: