Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

19 ақпан 2018 ж.

Алматыда әлеуметтік саладағы жобалық менеджмент негіздері бойынша семинар өткізілді

"Әйелдер көшбасшылығының қоры" Қоғамдық Қорының "TEENS - сапалы әрі қолжетімді көмек" жобасы 15 ақпанда Алматыда "Әлеуметтік саладағы жобалық менеджмент негіздері" атты семинар-тренинг өткізді.

Іс-шара "Орталық Азияның Еуразия Қоры" КҚ USAID-тың көмегімен жүзеге асырып жатқан "Тиімді басқаруды қолдау бастамасы" бағдарламасының аясында орындалды.

"Әйелдер көшбасшылығының қоры"-ның жоба менеджері Светлана Богатырева қатысушылармен жобалардың  дизайнын құрастыру мен сараптау қағидаларымен және пайдалы құралдарымен бөлісті. Қатысу туралы өтінімді 69 адам білдірсе, тренингке 29 адам тікелей қатысты, олардың қатарында ҮЕҰ өкілдері, азаматтық белсенділер, әлеуметтік кәсіпкерлер бар.

"Біз бұл тренингті әлеуетті арттыру компонентінің бір бөлігі ретінде ойластырдық. Мақсатымыз өз ҮЕҰ-мыздың әлеуметтік саладағы сарапшылық деңгейін тағы бір дәлелдеу, сондай-ақ жобаның адвокациялық стратегиясын жүзеге асыруда мүдделес жандарды табу болатын. Екі мақсатымызға да жеттік. (...) Қатысушылар тарапынан презентацияға сұраныс түскен соң, e-mail хабарлама арқылы таратылды (...). Сонымен қатар отандық үкіметтік емес ұйымдардың бірінің басшысы Ернар Нұрбеков жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу мәселесі бойынша "Линия жизни 24" ҚҚ-мен серіктестік туралы Меморандумға қол қоюға шақырды. Бастапқыда біздің өзіндік ерекшелікке ие тақырыбымыз аз ғана үндестік табады деп жоспарлап, семинарға 10 шақты ғана адам қатысады деп ойладық. Нәтижесінде, қауымдастыққа қызықты, біздің жобамызға пайдалы осындай ортақ пішінге келдік", - деп Светлана Богатырева ойымен бөлісті.

Семинарға қатысушы Майя Сүйіншалиеваның пікірінше, әлеуметтік кәсіпкерлік саласында бастапқы қадамдарын жасап жатқан кәсіпкер ретінде тренинг оған өте пайдалы болды. "Мен өз жобама басқа қырынан қарауға және TEENS жобасымен түйісу нүктелерін іздеуге мүмкіндік алдым. Өз ойларымды рәсімдеп, серіктестік мүмкіндіктерін қарастыруды жоспарлап отырмын. Тренингтегі еркіндік атмосферасы қатты ұнады, басқалармен тілдесуге, немен айналысып жатқандығы туралы тыңдауға мүмкіндігіміз болды. Мұндай кездесулер сөзсіз қажет, олар күнделікті күйбеңнен шығуға және әрі қарайғы жұмысқа жаңа энергия алуға септігін тигізеді", - дейді М.Сүйіншалиева.

Поделиться страницей: