Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
17 қаңтар 2017 ж.
Алматыда халықаралық және қазақстандық сарапшылар ҮЕҰ шеңберінде АИТВ-ға жедел тестілеу қызметін енгізу мәселесін талқылайды
Алматы, Қазақстан - 2017 жылдың 20 қаңтары, «АИТВ-індеті бар адамдардың қазақстандық одағы» ЗТБ USAID «ИПЭУ»/ PEPFAR бағдарламасының шеңберіндегі "Қазақстан ҮЕҰ шеңберінде АИТВ-ға жедел тестілеуге қолжетімділік" жобасы аясында Қазақстанның ҮЕҰ шеңберінде АИТВ-ға жедел тестілеуге қолжетімділік мәселесін талқылау бойынша жұмыс кездесуін өткізеді.
Кездесудің мақсаты - мемлекеттік құрылымдардың, халықаралық ұйымдардың және азаматтық сектордың ҮЕҰ-дың күшімен АИТВ-ға жедел тестілеу қызметін енгізу жөніндегі бірыңғай стратегиясы мен көзқарасын қалыптастыру.
Кездесуде ҮЕҰ шеңберінде жедел-тесттерді пайдалану арқылы АИТВ-ға тестілеу және кеңес берудің алгоритмдерін құрайтын әдістемелік құралдың драфт нұсқасы таныстырылады.
«Қазіргі таңда Қазақстанда ҮЕҰ шеңберінде АИТВ-індетіне жедел-тестілеуді енгізу үшін құқықтық негіз қалыптаспаған. Ал бұл, АИТВ-ға тестілеуден өткізілетіндердің қамту аясын айтарлықтай ұлғайта алатын ресурс. Бүгінде Еуропа мен Орталық Азия елдерінде АИТВ-мен өмір сүретін әрбір үшінші адам өз індетінен хабарсыз, және әрбір екінші АИТВ-расталған адам диагностикадан кеш өтеді», - дейді «АИТВ-індеті бар адамдардың қазақстандық одағы» ЗТБ президенті Нұрали Аманжолов.
ҚР көптеген аймақтарында АИТВ індетін жұқтырудың жоғары қатеріне тап болған топтарға көмек көрсету және қолдауға бағытталған жобаларды жүзеге асыратын ҮЕҰ-лар белсенді жұмыс атқаруда. АИТВ-ға тестілеу аталған жобалардың тиімділігінің шешуші факторларының бірі болып табылады. Сондықтан ұйымдардың шеңберінде аталған қызметтің болуы АИТВ-ға тестілеуден өтушілердің қамтылу аясын ғана емес, сондай-ақ жүзеге асырылатын жобалардың сапасын да жоғарылатпақ.
Жұмыс кездесуіне ҚР ДӘДМ, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықтың, халықаралық ұйымдардың (ICAP. CDC, PSI, ЦИГЗЦА) және ҮЕҰ өкілдері қатысады.
Толығырақ ақпаратты + 7 727 225-78-38, + 7 705 571-17-25, +7 777-225-46-01 телефондары және lyubovchubukova@gmail.com, marina_maximova@rambler.ru электронды пошталары арқылы алуыңызға болады. БАҚ үшін аккредитация міндетті!