Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
25 қаңтар 2016 ж.
Алматыда «ҮЕҰ-ны кәсіби басқару және әлеуметтік кәсіпкерлік: сын-тегеуріндер мен даму келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
AlmaU ҮЕҰ Сараптама орталығы мен Орталық Азияның Еуразия Қоры Қазақстандағы «Шеврон» компаниясының қолдауымен «Қазақстандағы ҮЕҰ сарапшыларының әлеуетін дамыту бастамасы» жобасы аясында «ҮЕҰ-ны кәсіби басқару және әлеуметтік кәсіпкерлік: сын-тегеуріндер мен даму келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар - Алматы қаласы Әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы басшылығының өкілдері, AlmaU өкілдері, ОАЕҚ менеджерлері, «Шеврон» компаниясының өкілдері, «Коммерциялық емес сектордағы менеджмент» МВА бағдарламасының тыңдаушылары, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері - үкіметтік емес ұйымдарды басқарудағы сын-тегеуріндер мен оның даму келешегін жан-жақсы талқылады.
Қазіргі кезеңде Қазақстанның ҮЕҰ-ы мемлекеттік және бизнес құрылымдармен белсенді өзара әрекеттесіп, тұрақты дамып келеді. Олар әлеуметтік маңызды жобаларға, акцияларға, фестивальдерге, слеттерге, жәрмеңкелерге және т.б. қатыса отырып, әр түрлі бағдарламаларды жүзеге асырады. Үкіметтік емес ұйымдар жоғары бәсекелі, саяси және экономикалық тәуекелдерге толы, коммерциялық емес сектордың қызметін реттейтін құқықтық нормалары өзгеріп тұратын, ҮЕҰ тарапынан әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға көрсетілетін қызметтерге деген сұранысы жоғары ортада қызметтерін іске асырады.
Үкіметтік емес ұйымдарда көшбасшылар мен менеджерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға ҮЕҰ-лардың жоғары деңгейде кәсіби дамуы, қоғамдық ұйымдардың қандай да бір ресурстарға қол жеткізудегі бәсекелестігінің артуы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру саясатының белсенді болуы, тұрақты қаржыландырудың жоқтығы себеп болып отыр.
Жоғарыдағы мәселелер үкіметтік емес ұйымдарды кәсіби басқарудың қажеттілігін арттырып отыр. Себебі бұл басқару тек ішкі басқару жүйесін қайта құруға бағытталып қана қоймай, басқа да әлеуметтік жобалардағы мүдделі тұлғалардың, әсіресе халықтың коммерциялық емес сектор қызметіне деген сенімін арттырады.
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз: ҮЕҰ Сараптама орталығы (Almaty Managment University) үйлестірушісі Айнұр Қуанышева, a.kuanysheva@almau.edu.kz, тел: (727) 302 23 02, сондай-ақ ҮЕҰ Сараптама орталығының (ALMA University) директоры Отарбаева Бахытнур Зейнуллақызы, bakhytnur@mail.ru Тел: 8(727)3022302, 87017858675