Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

28 желтоқсан 2015 ж.

Алматыда «Бизнес және ҮЕҰ: өзара іс-қимыл тетіктері» атты дөңгелек үстел өтті

13 қарашада Қазақстандағы «Шеврон» компаниясының қолдауымен «Қазақстандағы ҮЕҰ сарапшыларының әлеуетін арттыру бастамасы» жобасының шеңберінде, ҮЕҰ Сараптама орталығы мен Орталық Азияның Еуразия Қорының ұйымдастыруымен Алматы Менеджмент Университетінде «Бизнес және ҮЕҰ: өзара іс-қимыл тетіктері» атты дөңгелек үстел өтті.

«Шеврон» өзінің әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруда әрқашан үкіметтік емес ұйымдармен серіктестікке болады», - деп компания өкілі Лейла Айтмуханова атап өтуде. «ҮЕҰ маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуде үлкен тәжірибе мен білімге ие және бизнес, мемлекет пен қоғамды байланыстырушы буын болып табылады. Олар адамдардың қажеттіліктерін біледі, бізге кері байланыс береді және біздің әлеуметтік инвестицияларымыздың тиімділігін бағалайды».

Бизнес пен мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ және ғылыми қоғамдастық өкілдері салааралық ынтымақтастық тетіктерін құрастыру және әлеуметтік проблемаларды бірлесіп шешу жолдарын табу үшін дөңгелек үстелге жиналды. Шара қатысушылары бизнеске үкіметтік емес ұйымдармен серіктестіктің қандай пайдасы бар екендігін, осындай серіктестіктен ҮЕҰ қандай пайда алатынын және қандай әлеуметтік мәселелерді шешуге қабілеттігі туралы талқылады. Сондай-ақ табысты ұзақ мерзімді әріптестік қатынастардың сәтті мысалдарын қарастырып, табысқа жетелейтін факторларды анықтады.

«Мемлекеттің тиімді дамуы үшін кез келген мемлекетте «мемлекет-бизнес-азаматтық қоғам» үшбұрышының өзара әрекеті қажет. Қазақстанда серіктестік қатынастар әзірге тек мемлекет пен бизнес арасында немесе мемлекет пен ҮЕҰ арасында ғана орныққан. Бизнес пен үкіметтік емес сектор арасындағы өзара қатынас жақсаруды талап етеді. Дөңгелек үстел барлық тараптарға ортақ негіз табуға және ықтымал ынтымақтастық тетіктерін құрастыруға көмектеседі деп үміттенеміз», - дейді Алма Шолпанқұлова, ОАЕҚ жоба менеджері.

«Бірнеше жыл бұрын біз КӘЖ бойынша зерттеу жүргіздік. Ол ҮЕҰ-ның аймақтағы бизнестің қызметі туралы  толық ортақ ақпараты жоқ, ондай ақпаратты әр жеке компаниядан ғана алуға болады. Өз кезегінде, бизнестік айтарлықтай бөлігі ҮЕҰ жеткілікті әлеуеті ие емес деп санайды, сондай-ақ жергілікті билік органдарының жабықтығы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік дамытуға кедергі болып табылады, - деп атап өтті ОАЕҚ директоры Ринад Темирбеков. – Компаниялардың көпшілігінің айтуынша, мемлекет көшбасшыға және КӘЖ дамытуда байланыстырушы буынға айналуы тиіс, осы үшін тиісті жағдай жасап, тұрғындардың қызығушылықтарын ескеріп отыруы қажет. Тәжірибе көрсеткендей, тиімді әлеуметтік жобалар мемлекет, бизнес және халық арасындағы шынайы диалог орнатылған жерде ғана жүзеге асырылады».

«Қазақстандағы ҮЕҰ сарапшыларының әлеуетін арттыру бастамасы» жобасы тұрғындарға сапалы қызметтер көрсету үшін институционалды дамуды арттыру арқылы ҮЕҰ секторы жұмысының жақсаруына бағытталған. ҮЕҰ сарапшыларының әлеуетін арттыру мақсатында тренерлер мен ҮЕҰ көшбасшылары үшін тренингтердің сапасын арттыру жобаның басым міндеттерінің бірі болып табылады.

Поделиться страницей: