Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

29 қаңтар 2018 ж.

Алматыда «Қазақстандағы осал топтарға арналған құқықтық көмек жүйесін жетілдіру» жобасы аясында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

АЛМАТЫ — 26 қаңтардаЕуропалық Одақтың қолдауымен Орталық Азияның Еуразия Қоры мен Талдықорған Адам құқықтары жөніндегі орталығымен бірлесіп жүзеге асырылатын «Қазақстандағы осал топтарға арналған құқықтық көмек жүйесін жетілдіру» жобасы аясында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Адам құқығы жөніндегі сарапшылар, мемлекеттік сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері, ЕО қаржыландыратын жобалардың өкілдері (EUCJ, PRI және Дағдарыс орталықтары одағы), Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің делегациясы жобаның аралық нәтижелерін талқылап, жобаны жүзеге асырудың келесі кезеңіне арналған жұмыс жоспарын, сондай-ақ жоба нәтижелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін серіктес ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың тетіктерін анықтады.

Жобаны іске асырудың бірінші жылында Қазақстанның 7 аймағында зерттеу, сондай-ақ заңнамаға талдау жүргізілді. «Осылайша, осал топтардың қылмыстық, азаматтық және әкімшілік мәселелер бойынша тегін заң көмегін алуға кедергі жасайтын негізгі кедергілерді анықтадық», - дейді ФЕЦА жоба менеджері Ақмарал Қарлыбаева. Сонымен қатар, қолданыстағы заңмен қамтылмаған, бірақ заңгерлік көмекке мұқтаж осал топтардың қосымша санаттарын анықтадық».

Жоба шеңберінде зерттеу мен қолданыстағы заңнаманың негізінде төрт бағыттағы мақсатты топтар бойынша тереңдетілген талдау дайындалды: қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдер (тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары); кәмелетке толмаған құқық бұзушылар; кассациялық сатыда және азаматтық құқықтық қатынастарда туындайтын мәселелер бойынша сотталғандар; балалар үйінің түлектері. Сондай-ақ, мемлекеттікпен кепілдендірілген заңнамалық көмек бойынша міндеттерді шешуге бағытталған «Адвокаттық және құқықтық көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте түрінде ұсыныстар жасалды.  

Кеңес отырысына қатысқан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Дүйсембинов ұсынылған бастамалар мен ұсыныстарды қарастыруға және шаралар қабылдауға уәде берді.

«Біз жобаның жаңа кезеңін - ақпараттық-насихаттау науқанын бастаймыз. Сондай-ақ осы саладағы тәжірибені зерттеу мақсатында Грузияға сапар жоспарланған. Біз Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілдерін, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және адвокаттарды аталмыш іс-шараға қатысуға шақырамыз», - деді жобаның серіктесі, «Талдықорғанның адам құқықтары орталығы» қоғамдық қорының директоры Виктор Тен.

Поделиться страницей: