Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

24 мамыр 2017 ж.

Алматыда арнайы әлеуметтік қызметтерді интеграциялау бойынша республикалық шеберхана өтті

«ЗУБР» әлеуметтік корпоративті қоры USAID-тың «Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» жобасының аясында 17 мамырда Алматы қаласында «Интеграцияланған арнайы әлеуметтік қызметтер моделі - тәжірибені мультипликациялау» атты республикалық шеберхана өткізді.

Шеберхананың мақсаты - білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ішкі істер салалары бойынша көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтердің әрі қарайғы интеграциясына бірыңғай тәсілдер қалыптастыру.

Шеберхана барысында ИАӘҚ сынамалы моделін құрастыру мен апробациялаудың аралық нәтижелері (схемалар, алгоритмдер, нормативтік-құқықтық саралау, жетістік тарихы) ұсынылып, жиналған сарапшылармен талқыға салынды. Арнайы әлеуметтік қызметтердің сапасын бағалау индикаторларының бірыңғай жүйесін қалыптастыру бойынша пікірталас жүргізілді, сондай-ақ ИАӘҚ көрсету стандарты жобасын енгізу жөнінде, ИАӘҚ-ді әрі қарайғы енгізу мүмкіндіктері мен тәуекелдері бойынша ұсыныстар жасалды.

Сонымен қатар, Қазақстанның сынамалы қалалары мен аудандарының ведомствоаралық топтарының мамандары өз тәжірибелерімен және ИАӘҚ апробациялау барысында қалыптасқан практикалық ұсыныстарымен бөлісті.

«Осы уақытқа дейінгі жасалған жұмысты тастап кету мүмкін емес, сондықтан біз жұмысымызды республикалық деңгейде жалғастыру үшін ресурс іздейміз. Сондай-ақ айта кететін жайт, егер бұл тақырыптан хабарсыз адам ортамызға келсе, ол біраз нәрсені бүлдіруі мүмкін. Мұндай кездейсоқ адамдардан алыс болғанымыз жөн. Жасап жатқан ісімізге ұқыпты болайық, себебі қазіргі таңда елімізде бұл тақырыпты сіздерден жетік білетін ешкім жоқ. Дәл осы жоба бойынша бізге қолдау табылып, мақтанарлық деңгейге жетеміз деп үміттенемін», - деп «ЗУБР» ӘКҚ директоры Виталий Кулик өз ойын білдірді.

Шеберхана аясында, сонымен қатар, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі Жол сілтеушінің презентациясы өтті. Жалпы 5 жол сілтеуші көпшілікке ұсынылды. «ЗУБР» ӘКҚ қызметкері Евгения Шрейбердің сөзіне сенсек, тағы екі әдістеме құралы жасалу үстінде.

Аталған шараның пресс-аңдатпасында көрсетілгендей заң бойынша қиын өмірлік жағдайда қалған азаматтар мен отбасылардың 11 санаты АӘҚ алу құқығына ие: балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандардан бастап, бас бостандығынан айыру мекемелерінен босаған тұлғаларға дейін. Аталған санаттағы адамдармен тек әлеуметтік қорғау мекемелері ғана емес, білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау салаларына қатысты мекемелер де жұмыс жүргізеді.

Қазіргі таңда сала өз «ережелері» бойынша әрекет етуде және тұтынушы қызметке қол жеткізу үшін көптеген инстанциялардан өтуі тиіс. Өкінішке орай, мекемелер, мамандар жүйелерінің кеңеюі мен қаржыландырудың арттырылуы әлеуметтік әл-ауқат деңгейінің көтерілуіне ықпал ете алмауда. Суицидтердің, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың, әр түрлі себептерге байланысты қиын өмірлік жағдайлардан шыға алмаушылардың саны азаймай отыр.

Интеграцияланған моделді енгізудің арқасында кепілдендірілген арнайы қызметтер мен жеңілдіктерге «бір терезе» қағидасы бойынша іс жүзіндегі қол жетімділік қамтамасыз етіледі. Интеграция нақты адамның/отбасының мәселесі шеңберінде әр алуан сала мамандарының күштерін біріктірмек. Мұндай тәсіл қиын өмірлік жағдайда қалған адамдарға артық бюрократиялық кедергілерсіз қысқа мерзімде көмек, қызмет алуға мүмкіндік береді.

Поделиться страницей: