Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

23 маусым 2023 ж.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында халықтың

Қатысушылар қолөнер немесе көкөніс өсіруді үйреніп, жеке микробизнесін дамытуға
16 мамыр 2023 ж.

Орал қаласында Orle Fest қалалық фестивалі өтеді

Келген қонақтарды жергілікті қолөнершілердің дизайнерлік бұйымдар мен
15 мамыр 2023 ж.

Ақмола облысында иппотерапия сабақтары мен ат турлары

«Keremet jol» қоғамдық бірлестігі Ақмола облысында иппотерапия сеанстарын өткізіп

30 қаңтар 2016 ж.

Алматыда «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» және «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР заңдарының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ҮЕҰ-ға арналған семинар өтті

АЛМАТЫ – 2016 жылдың 26-қаңтарында Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігінің қаржылай қолдауымен «Ақпаратқа қолжетімділік және қоғамның қатысуы - мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін дамытушы фактор ретінде» атты семинар өткізді. Аталмыш семинар Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің қолдауымен жүзеге асатын «Адам құқықтары жөніндегі реформаларды насихаттау үшін Оңтүстік Қазақстанның ҮЕҰ мүмкіндіктерін күшейту»бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылды.

Семинар барысында қатысушыларға «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» және «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының заңдары қарастырылды. Семинар ашық мемлекетті қалыптастыру, бюджеттің ашықтығы мен жемқорлыққа қарсы реформаларды жүргізу; мемлекеттің қоғам алдындағы есептілігін арттыруға ықпал ететін шаралар; сұрату бойынша ақпаратты ашып көрсету тәсілдері; Комиссияның ақпаратқа қолжетімділік бойынща қызметі мен құзіреті; қоғамдық кеңестерді құрастырудың мәртебесі мен тәртібі; қоғамдық бақылаудың нысандары мен рәсімдерін жүзеге асыруға т.б. арналды.    

Семинар Оңтүстік Қазақстанның 4 облысында (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл) жұмыс атқаратын ҮЕҰ өкілдері – «Заң алдындағы теңдік» желісінің қатысушылары үшін ұйымдастырылды. Семинар сарапшылары ретінде Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (LPRC) директорының орынбасары Татьяна Зинович, Коммерциялық емес құқықтың халықаралық орталығының (ICNL) Қазақстандағы өкілдігінің құқықтық кеңесшісі Гульмира Кужукеева қатысты.

«Ақпаратқа қолжетімділік туралы» ҚР Заңы азаматтық қоғамға мемлекеттік сектор қарамағындағы кез келген ашық ақпаратты алу, өңдеу және қолдануға қосымша мүмкіндіктер ашты. Біз барлық үкіметтік емес сектордың өкілдерін, белсенді азаматтарды осы ресурстарды адам құқықтарын ілгерлеру мен дамыту саласындағы ары қарай жұмысты атқару мақсатында қолдануға шақырамыз», - дейді семинар сарапшысы Татьяна Зинович.          

«Семинарда берілген ақпарат ҮЕҰ қызметімен тығыз байланысты, сондықтан ол біздің жұмысымыз үшін өте өзекті. Сарапшылар берген құралдар мемлекеттік сектормен өзара байланыста қажетті», - деп «Родник» әйелдер мен балалардың әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы» ҚҚ-ның жоба үйлестірушісі Сабина Ибраимова атап өтті. 

Поделиться страницей: