Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

26 шілде 2017 ж.

Алматы мен Талдықорғанда мүгедектігі бар жандарға қызмет көрсететін мамандарға тренингтер өткізілді

23-24 маусымда Алматыда Қоғамдық пікірді зерттеу ұйымымен жүргізілген «Шелек ауданының шалғай елді-мекендерінде тұратын мүгедектігі бар жандардың мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін зерделеу» атты әлеуметтік зерттеудің қорытындылары жарияланған техникалық кездесу болып өтті. Зерттеу нәтижесі жарияланғаннан соң мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандарға арналған екікүндік тренинг өткізілді.

Шелек ауданының шалғай елді-мекендерінде тұратын мүгедектігі бар жандардың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігі мәселесі зерттеудің негізі ретінде алынды. Бұл аймақтардағы мәселелер Қазақстанның көптеген шалғай аудандарына тән. Зерттеу жұмысының мақсаты институционалдық тиімді басқару және азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы жүйелі өзара қарым-қатынасқа бағытталған ұсыныстарды таныстыру болатын.

Кездесуге қатысушыларға БҰҰ-ның мүгедектер құқығы жөніндегі конвенциясын ратификациялау және әлеуметтік қорғаудан тең мүмкіндіктер жасауға өту туралы, сонымен қатар мүгедектігі бар жандарға мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидалары және мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам ұйымдарының өзара әрекеттестік тәсілдерін Алматы облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаменті мен «Ерекше Тандау-Шелек» КҚ мысалында жетілдіру тәсілдері талқыланды.

Мемлекеттік қызмет көрсетумен айналысатын мамандарға арналған оқыту семинарының аясында қызмет этикасы мен мүгедектігі бар жандардың ерекшеліктерін білу мәселелері, сонымен қатар мүгедектігі бар жандарға дұрыс әрі жылдам қызмет көрсету мәселесі талқыланды.

Мұндай семинар 2017 жылғы 15-16 маусымда Талдықорған қаласында (Алматы облысы) өткізілген болатын.

«Ерекше Тандау-Шелек» КҚ жобасы Орталық Азияның Еуразия Қорының USAID-тың қаржылай қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» бағдарламасының аясында жүзеге асырылып отыр.

                                                                             

Поделиться страницей: