Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
22 шілде 2015 ж.
«Орталық Азияның Еуразия Қоры» АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен «Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» бағдарламасының екінші циклі аясында грантты конкурс жариялайды
2015 жыл 22 шілде, Алматы - АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) Қазақстанда "Тиімді басқаруды қолдау бастамасы" жобасы аясында грантты бағдарламаға грант бөлді. Жоба республиканың барлық 14 облысын қамтиды. Жобаны орындаушы "Орталық Азияның Еуразия Қоры" (ОАЕҚ). Жоба коммерциялық емес ұйымдарға арналған көп фазалы бағдарламаны ұсынады және тиімді мемлекеттік басқару бойынша бастамаларды дамытуға арналған инновациялық тәсілдерді анықтауға және кеңейтуге негізделеді.
Азаматтық қоғам ұйымдарының және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылдардың жүйесін тиімді ілгерілету арқылы институционалдық басқару саласындағы бастамаларды ілгерілету, басқарудың нақты қоғамдық қызметтер, құқықтық саладағы мүшелерінің немесе саясаттарының, механизмдер мен процестеріне ұзақ мерзімді жақсартуларға әкеледі.
Жобаның екінші циклында ерекше назар келесі бағыттарға аударылатын болады:
- Кез келген (сіздің таңдау) салада тиімді мемлекеттік басқарудағы жетістік
- Денсаулық сақтау секторындағы тиімді мемлекеттік басқарудағы жетістік;
- Мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемаларын шешу жолындағы тиімді мемлекеттік басқарудағы жетістік;
Толықтырылған өтінімдер конкурсының жеңімпаздары 8 ай бойы 15 000 АҚШ долларына дейінгі мөлшерде қаржыландыруға ие болады.
"Шағын" жобалардың қол жеткізілген нәтижелерін бағалау негізінде ең жақсы грант алушылар өздерінің жобалау қызметінің масштабын 18 айға дейінгі мерзімге 100 000 АҚШ долларына дейінгі қосымша қаржыландыруға ұлғайта алады (шарттары жобаның негізгі доноры тарабынан қаржыландыру мәртебесіне байланысты көп немесе аз тарапқа қарай өзгеруі мүмкін).
Грант бағдарламасының шарттары туралы толық ақпаратты www.ef-ca.kz және www.ngoexpert.kz мекенжайы бойынша ОАЕҚ сайтынан алуға болады.