Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

30 қаңтар 2017 ж.

Еуроодақтың жаңа жобасы Қазақстандағы осал топтарға заңгерлік көмек көрсету жүйесін реформалауға жәрдемдеседі

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің қолдауымен «Қазақстандағы осал топтарға заңгерлік көмек көрсету жүйесін реформалау» аттыжаңа жобаны іске қосты. Жоба мақсаты осал топтардың құқықтарын қорғаудың тәжірибесі мен механизмдерін жетілдіру, соның ішінде олардың қылмыстық және азаматтық әділеттілікке тартылған жағдайларда мемлекет кепілдік берген заңгерлік көмегінің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту болып табылады.

Грант сомасы 311 192 евро. Жоба Қазақстанның жеті аймағын қамтиды: Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары. Жоба ұзақтығы 24 ай (қантар 2017 – желтоқсан 2018).

Жоба ОАЕҚ-ның Қазақстандағы адам құқықтарын, соның ішінде халықтың осал топтарының құқықтарын қорғау бойынша жоба топтамаларының жалғасы болып табылады. Аталған жоба мемлекет кепілдік берген заңгерлік көмегін көрсетудің осы күнгі жағдайы бойынша ауқымды зерттеу жүргізуді, сондай-ақ, осы саладағы заңнаманы бақылау мен саралау ісін қамтиды. Бұған қоса, Грузияға жоспарланған танымдық іс-сапар барысында қазақстандық делегация бұл елдің осал топтарға кепілденген заң көмегін қамтамасыз етудегі оң тәжірибесін егжей-тегжейлі түрде танып-білуге мүмкіндік алады.

Аталған жобаның болжамды нәтижелері қатарында осал топтардың мемлекет кепілдік берген заң көмегіне қол жеткізудегі негізгі кедергілерді айқындау, заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдарды жасап шығару, нақты ұсынымдарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына енгізу, сондай-ақ, осал топтарға заң көмегін көрсету деңгейін көтеру көзделеді.

Жоба «Талдықорған құқықтық орталығы» ҚҚ-мен серіктестікте, сондай-ақ сыртқы сарапшы, қорғаушы Айман Умаровамен ынтымақтастықта жүзеге асырылатын болады. «Бұл жобаның маңызы аса жоғары, себебі оның мақсаты азаматтардың, әсіресе осал топтардың заңгерлік көмекке тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Бұл міндетті атқару үшін, біз, ең алдымен, еліміздегі қорғаушылардың ахуалын жақсартуымыз керек, оған қоса, осы саладағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені үйрену арқылы тиімді тегін заң көмегінің механизмін құруымыз қажет», - деп атап өтті Виктор Тен, жоба серіктесі және «Талдықорған құқықтық орталығы» ҚҚ-ның директоры.

 

Поделиться страницей: