Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
6 желтоқсан 2017 ж.
USAIDтың жобасы Алматы облысы әкімдігінен қаржылай сертификатқа ие болды
28-29 қарашада Талдықорған қ. Үкіметтік емес ұйымдардың "Бәсеке қабілеттілік. Прагматизм. Сананың ашықтығы." атты форумы өтті. Шараның өткізілуіне Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы мұрындық болды.
Форум азаматтық секторды қоғамды әлеуметтік модернизациялау үрдістеріне тиімді қатыстыруға бағытталған қоғамдық диалогты әрі қарайғы дамытуды мақсат еткен болатын.
Аталған шара барысында "Орталық Азияның Еуразия Қоры" КҚ атқарушы директоры Ринад Темірбеков Алматы облысында жүзеге асырылып жатқан ОАЕҚ жобалары туралы айтып берді. USAID/ТБҚБ екі жобасы таныстырылды: "Қазақстан фермерлері" ("Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар қоры" ҚҚ) және "Мемлекеттік қызметтер - барлығына қолжетімді" ("Ерекше Тандау-Шелек" КҚ).
Форум азаматтық қоғамның дамуына қосқан келелі үлесі үшін үздік ҮЕҰ мен мемлекеттік қызметкерлерді марапаттау рәсіміне және Алматы облысы ҮЕҰ-ның үздік әлеуметтік жобаларының көрме-презентациясына ұласты. "Азаматтық қоғамды дамыту" номинациясы бойынша 100 000 теңге көлеміндегі сертификатқа "Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар қоры" ҚҚ ие болды. "Қордың негізгі жұмысы халықаралық ұйымдар мен компаниялардың қолдауымен жүзеге асырылады, сол себепті жергілікті атқарушы билік органдарының бағасы біз үшін аса маңызды. Бұл біздің аймақ үшін атқарып жатқан жұмысымыздың өзектілігіне және маңыздылығына берілген баға деп білемін. Облыстық әкімдік деңгейінде көрсетілген мойындау мен марапат ҮЕҰ өкілдерін әрі қарайғы қызметтеріне қанаттандырады. Біздің фермерлер мен шағын шаруаларды дамытуға арналған жобаларымыздың аймақ үшін маңыздылығы артып келеді", - дейді USAID/ТБҚБ жобасының жетекшісі Бақытгүл Елшібаева.
Сондай-ақ, Форум аясында "Орталық Азияның Еуразия Қоры" және Алматы облысының әкімдігінің арасында серіктестік жөніндегі Меморандумға қол қойылды.
Форумның қатысушылары мен қонақтарына Алматы облысының ҮЕҰ-лары туралы деректі фильм көрсетіліп, іс-шара қызықты концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.