Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
9 маусым 2020 ж.
«Qolda» жедел көмек көрсету жобасы
25 - 31 мамыр аралығында «Qolda» жедел көмек көрсету жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының 5 ҮЕҰ «ТЖ кезінде Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік жағынан осал тұрғындарына көмек» жобасының ағымдағы жағдайы бойынша жоспарланған іс-шараларды өткізді.
«Болашаққа қадам» ҚҚ 3 киім жинақтамасын балаларға жеткізді. Жоспардағы карантин кезінде мақсатты аудиторияға ақпараттық қөмек бағытындағы жұмыстар жалғасады.
«QAREKET Жақсылық жаса» қоғамдық қорының өкілдері Нұр-Сұлтан қаласы Яблочко ауылында тұратын 100 отбасыға жеміс тұқымдары мен көшеттер тарату акциясын өткізді. Тұқымдардың арасында сәбіз, картоп, бұрыш, қызанақ, қияр, көкөніс (базилик, руккола, ақжелкен, аскөк, салат жапырақтары, салат, айсберг) болды.
«Мұқтаждарға көмек» қайырымдылық қоры» қоғамдық қорының қызметкерлері көмекке зәру 45 отбасыға азық-түлік қораптарын жеткізді. Жоспар бойынша осы аптада тағы 40 отбасыға көмек көрсетіледі.
«Дос» Тәуелсіз өмір» МҚБ өкілдері 20 атаудан тұратын азық-түлік қораптарын тірек-қимыл жүйесінің аурулары бар және I топтағы мүгедектер түратын 7 отбасыға жеткізді. Жоспар бойынша тағы 10 отбасыға көмек көрсетілуі тиіс.
«Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ еріктілерінің көмегімен ҰОС ардагерінің денсаулығы тексеріліп, дәрігер қорытындысы дайын болды. Буып-түюмен айналысатын еріктілерге арналған толстовкалардың дизайнын дайындау процессі жүріп жатыр. Осы аптада автоеріктілерді бензинмен қамтамасыз ету және ҰОС ардагерінің қажеттіліктерін орындау жоспарланған.
Өткен аптада Алматыдағы бес ҮЕҰ “Qolda” жедел көмек беру жобасы аясында қызметін жалғастрып жатыр.
Дәрігерлердің адам өмірінде алар орнының маңызды екеніне тағы да көз жеткіздік. Бүгін бүкіл әлем медицина қызметкерлеріне алғыс айтып жатыр. «Тауасар» ТЖ жобасының аясында «Aq Jurek тәуелсіз қайырымдылық бастамасы» Алматыда медицина қызметкерлерін ыстық тамақпен қамтуды жалғастырып жатыр. 25-31 мамыр аралығында дәрігерлер, санитарлар, фельдшерлер және жедел жәрдем қызметкерлеріне 604 түскі және кешкі ас ұйымдастырылды. Изатима Жекенова атындағы қалалық клиникалық аурухана, Қазақстан санаторийі, Орталық қалалық клиникалық аурухана қамтылды.
Қазақстандағы Отбасылық бизнес ассоциациясының «Жедел жәрдем» жобасы аясында 26 мамыр күні өткен вебинарда қазіргі уақытта кәсіпкерлер қандай көмекке жүгіне алатыны туралы талқыланды. Оған 306 адам қатысты.
Өткен аптада ШОБ өкілдерімен 121 кеңес беру ұйымдастырылды, 36 жеке даму жоспары жасалды. Алдағы уақытта «Бизнесті қалай дамытуға болады?», «Карантин кезінде және одан кейін қалай аяққа тұруға болады?», «Қалай сату керек?», «Міндеттерді бөлу және бизнесті басқару» тақырыптарында вебинар өткізу жоспарланған.
«ITeachMe» біліктілікті дамыту орталығының» қызметкерлері «Сен жалғыз емессің!» мейірімділік акциясына дайындалды. Акция күн сайын көптеген сынақтардан өтіп, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды қолдауға бағытталған. Қор қашықтан психологиялық және консультациялық көмек беруді жалғастырып жатыр. Бұл аптада 13 адамға көмек берілді. Адамдардың басым бөлігі қаржылай көмек көрсетуді сұрап хабарласып жатыр.
«Родник» қоғамдық қоры «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» акциясын тәмамдап, қаржылық есебін дайындап жатыр.
Азаматтық сектордан кеңестер
"Qolda" жедел көмек көрсету жобасының екінші бөлігінің аясында ОАЕҚ серіктестері мен азаматтық сектор тарапынан халық пен үкіметтік емес ұйымдарға арналған карантинге дағдылану және карантиннен шығу бойынша кеңестерді дайындау және тарату шаралары өткізілуде.
Бұл бөліктің мақсаты халықтың әр түрлі таптары мен азаматтық секторға арналған кеңестерден тұратын көрнекті материалдарды тарату арқылы әлеуметтік шиеленісті төмендету болып табылады. Сонымен қатар, бұл іс-шара жергілікті қоғамдық ұйымдардың пандемия уақытында атқарған шараларын дәріптеуге де ықпалын тигізеді.
Қазіргі уақытта балалары бар отбасыларға, жас жұбайларға, кең халыққа, мүгедектігі бар адамдарға, қоғамдық ұйымдар мен көршілерге арналған кеңестер дайын.
“Qolda” жобасы аясында БАҚ жарияланамдары:
https://dalanews.kz/53360
https://dalanews.kz/53389
https://dalanews.kz/52354
https://dalanews.kz/53380
https://the-steppe.com/lyudi/covid-i-goliaf-pochemu-ya-polyubil-teorii-zagovora
https://manshuq.com/life-dedicated-to-women-06-2020
https://manshuq.com/career-business-during-pandemic-05-2020-kz
https://www.instagram.com/p/CAm_8_-D9DP/?igshid=9wt5dnccjpp
https://www.instagram.com/p/CAnACv2jOvX/?igshid=nqjt28oxdqia
https://www.instagram.com/p/CApgFFnj6eE/?igshid=12bvrair98v5d
https://www.instagram.com/p/CApgSX2D2UW/?igshid=1tvspm8vvc32e
https://www.instagram.com/p/CAsMiFDjg9o/?igshid=1ue359ez0pvge
https://www.instagram.com/p/CAsMoSIjrlk/?igshid=13vpwhpgq9kpj