Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

26 наурыз 2022 ж.

«Qolda 4.0» жедел көмек бағдарламасы гранттар байқауының жеңімпаздары анықталды

Орталық Азияның Еуразия қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте әзірлеген «Qolda 4.0» жедел көмек бағдарламасының шеңберінде гранттар байқауы аяқталды.

Бағдарламаның төртінші кезеңі цифрлық технологиялар мен адвокацияны қолдана отырып, азаматтық қоғамның төтенше жағдайларға инновациялық және тиімді әрекет ету қабілетін арттыруға жәрдемдесуді көздейді.

Байқауға Қазақстанның барлық облыстарынан 83 үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) қатысты. Гранттық комитет 10 жобаны іріктеп алды. Жобаларды іске асыру 2022 жылғы сәуір-қазан аралығындағы кезеңде 7 айға дейінгі мерзімге жоспарланып отыр.

Келесі ҮЕҰ-дар «Qolda 4.0»жеңімпаздары атанды:

  1. Экономика бағыты бойынша цифрлық технологияларды қолдануды көздейтін грант:

    • «Үміт-Надежда» ҚБ (Қостанай қ.). Мүгедек адамдарды цифрлық дағдыларға оқыту бойынша жоба;

    • «Арғымақ» Әлеуметтік даму қоры» ҚҚ (Алматы қ.). Интернет-саудада ШОБ цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша жоба.

  1. Экономика бағыты бойынша адвокацияны қолдануды көздейтін грант: 

    • «Ардос Жүрек» МҚБ (Петропавл қ.). Инклюзивті білім беруді мониторингілеу және бағалау бойынша жоба;

    • «Қорған-М» ҚБ (Шымкент қ.). Балабақшалар мен бастауыш сыныптарда инклюзивті білім беру бойынша жоба;

    • «Сенім-Тірек» ҚБ (Ақтөбе қ.). Медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау бойынша жоба.

  1. Экология бағыты бойынша цифрлық технологияларды қолдануды көздейтін грант:

    • «Отбасы хрестоматиясы» ҚҚ (Алматы қ.). «Ecoinfo» экологиялық ақпараттық порталын қолдау бойынша жоба;

    • «ЭМИР» ҚҚ (Өскемен қ.). «Қоқыссыз қала» интерактивті платформасын құру бойынша жоба.

  1. Экология бағыты бойынша адвокацияны қолдануды көздейтін грант:

    • «ЭКОМ» ҚБ (Павлодар қ.). Кәсіпорындардың жасыл екпелерді отырғызуына мониторинг жүргізу бойынша жоба;

    • «Urban Forum Kazakhstan» ҚҚ (Атырау қ.). Атырау қаласын көгалдандыру бойынша жоба;

    • «Әлеуметтік-экологиялық қор» ҚҚ (Алматы қ.). Реттемелі ішкі туризм үшін жағдай жасау бойынша жоба.

Есіңізге сала кетейік, «QOLDA» жедел көмек бағдарламасын 2020 жылғы сәуір айынан бастап Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырып келеді. Бағдарламаның мақсаты –халыққа COVID-19 пандемиясының жағымсыз салдарын еңсеруге көмектесу. 

2020 жылғы сәуірден 2021 жылғы желтоқсанға дейін QOLDAҚазақстан бойынша 39 ҮЕҰ және 7 БАҚ жобасын қолдады. Бенефициарлардың жалпы саны 56 569 адамға жетті, ҮЕҰ-дар 6000 волонтер мен 182 серіктесті тартты. Бағдарламаның негізгі көзделген аудиториясы –халықтың әлеуметтік осал топтары, оның ішінде көп балалы аз қамтылған отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, мұқтаж ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, қатерлі ісікпен ауыратын науқастар, толық емес немесе көп балалы отбасыларыбар бұрын сотталған адамдар, тұрмыстықзорлық-зомбылық құрбандары. Бағдарлама аясында 4 өзара көмек көрсету қоғамдық қызметі құрылды және екі мобильді қосымша әзірленді.

«QOLDA» бағдарламасы туралы толығырақ ақпаратты http://qolda.org/kz ресми сайтынан және де  Instagram, Facebook және Telegram-дағы парақшалардан табуға болады.

 

 

Поделиться страницей: