Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

19 қаңтар 2021 ж.

"Qolda 2.0": желтоқсан айының нәтижелері

Желтоқсан айында "Qolda 2.0" шұғыл көмек бағдарламасының грант иегерлері атанған алты ҮЕҰ орасан зор жұмыс атқарды. Олар жылды қорытындылап, 2021 жылға іс-шаралар жоспарын құрды.

1. "Жанұя" отбасыны қолдау орталығы" қоғамдық қоры. Қамту аймағы - Алматы облысы Жамбыл ауданы.

Өткен аптада қор «GENESIS» бағдарламасы бойынша оқытылатын мектептер мен колледж психологтарының тізімін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізді. Сондай-ақ, «Ресурс» балалардың психикалық жағдайын диагностикалау жүйесі» автоматтандырылған бағдарламаның көмегімен тестілеу нәтижелері шығарылды. Алматы облысының Іле ауданында орналасқан 47 мектептің 7-11 сыныптарында және 2 колледжінде өткізілген тестілеу нәтижелері бойынша тәуекел аймақтарына түскен балалардың тізімдері және тест нәтижелері туралы жалпы есеп жасалады. Жақын күндері «GENESIS» авторлық бағдарламасы бойынша оқытушы-психологтарын оқыту курсын бастау жоспарлануда.

2. "Заң Талабы" құқық қорғау орталығы. Қамту аймағы - Шымкент қ. және Түркістан облысы.

Соңғы екі аптада ұйымның адвокаты келіп түскен өтініштер бойынша 42 консультация берді. Оның 28 физикалық зорлық-зомбылық, 1 - жыныстық зорлық-зомбылық, 13 психологиялық зорлық-зомбылық бойынша. 29 бенефициарға уәкілетті органдарға жүгіну үшін процессуалдық құжаттар жасалды. Психолог көмекке жүгінген 7 әйел мен 1 кәмелетке толмаған қыздың психоэмоционалды жағдайын түзету бойынша кеңестер өткізді. Отбасылық зорлық-зомбылық бойынша 42 бенефициар сенім телефонына жүгінді. Сенім телефоны операторы алғашқы кеңес беріп, оларды адвокат пен психологқа бағыттады. Барлық өтініштер Excel мәліметтер базасында сақталады. Ай сайын жоба координаторы ұйымнан түскен өтініштерді бақылап отырады. «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді әрекет ететін 16 күн»  халықаралық акциясы аясында келесі шаралар ұйымдастырылды:

- Facebook әлеуметтік желісінде сұрақ-жауап форматында өткен тікелей эфир;

- Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімдігімен бірге ашық есік күні өткізілді;

- 50-ге жуық ауыл-аймақтарда тұратын әйелдерге (Түркістан, Арыс, Шардара, Сарыағаш, Жетісай, Ақсукент, Түлкібас және Төле би ауданы) «Гендерлік және цифрлық құқықтар» атты үш тренинг өткізілді:

- Шымкент қалалық №5 емханасында медициналық қызметкерлер мен емхананың пациенттері үшін #Stopviolence ақпараттық науқан өткізілді.

Сондай-ақ, "Заң Талабы" құқық қорғау орталығының қызметкерлері рецидивтің алдын алу мақсатында әйелдерге зорлық-зомбылық жасаған 5 ер адаммен жұмыс жүргізді. Психолог депрессияға ұшыраған ер адамдарға кеңес берді.

Алдағы екі аптада сенім телефонына келіп түсетін өтініштерді қабылдап, құқықтық және психологиялық көмек көрсетуді жалғастыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ауыл-аймақтарда тұратын әйелдер мен жастарға арналған «Гендерлік және цифрлық құқықтар» тақырыбында тренингтер өткізіліп, танымал блогерлердің назарын тұрмыстық зорлық-зомбылыққа аударту жоспарланған.

3. "Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар" қоры. Қамту аймағы - Алматы облысы Шелек ауылдық округі.

1 желтоқсан мен 15 желтоқсан аралыңында қор жобаға қатысушылармен  (потенциалды бенефициарлар) қосымша презентациялық кездесулер өткізіліп, Қауымдастықтар кеңесінің отырысы ұйымдастырылды, сонымен қатар балаларға жаңа жылдық сыйлықтар дайындаудың жоспары жасалып бекітілді. Мұқтаж жандар мен қайырымды жандар толтырған сауалнамаларды жинау жалғасуда. Олар онлайн түрінде де, қағаз түрінде де толтырылады. Бір реттік қайырымдылық көмекке онлайн-өтінім толтыру үшін көптеген сұрақтар мен телефон қоңыраулары түсті. Соған байланысты қор қызметкерлері егжей-тегжейлі нұсқаулар әзірледі. Жобаның шын екендігіне көз жеткізу мақсатында мұқтаж жандардың көпшілігі қордың кеңсесіне келіп өтінішті қағаз жүзінде толтыруды жөн көретіндігіне байланысты, осындай кездесулер кезінде қызметкерлер кеңес беру жұмыстарын жүргізіп отырды. Соңғы екі аптада жоба үйлестірушілері келіп түскен тізімдер мен өтінімдерді әзірлеп, оларды тексеріп шықты. Барлық деректер бірыңғай мәліметтер қорына енгізілді. Қорға киімдер мен аяқ киімдер әкелініп, мүгедек балаларға жаңа жылдық сыйлықтар жасауға бағытталатын жеке адамдар мен ұйымдардан алғашқы ақшалай жәрдем түсе бастады. Алдағы екі аптада жедел көмекке мұқтаж отбасылардың тізімдерін өңдеу бойынша жұмыстар жоспарланып, «Шелек фермерлері» АШӨК-мен презентациялық кездесу өткізіледі деп күтілуде. Сондай-ақ, еріктілердің көмегімен мүгедек балалар мен мұқтаж отбасыларының балаларына жаңа жылдық сыйлықтар жиналып, Аяз ата мен аниматорлардың қатысуымен құттықтау ұйымдастырылады және тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік қораптары, жылы киім мен аяқ киім жеткізіледі.

4. "Ұлағат" Жастар қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы - Шығыс-Қазақстан облысы.

"Ұлағат" Жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері Шығыс Қазақстан облысының ауылдық округтерінің әкімдіктеріне төтенше жағдайларда әрекет ететін еріктілерді даярлау жайында ынтымақтастық туралы хаттар жолдады. Сонымен бірге табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлары туралы чек-парақшалар жасалуда. Еріктілер базасын біріктіру мақсатында бұрын еріктілерді оқыту бойынша жобаларды жүзеге асырған ҮЕҰ-мен келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ, еріктілерді оқыту жоспарланған. Жақын күндері бірлестік сценарий жазып, бейнероликтер түсіретін маман іздестіруге кіріседі, сонымен қатар чек-парақшаларын жасау бойынша жұмысты жалғастыра отырып, потенциалды еріктілермен келіссөздер жүргізіледі деп жоспарлауда. Жақын арада мобильді қосымшаның логотипін әзірлеу және мобильді қосымшалардың макетін дайындау бойынша жұмыстар басталады.

5. "Қызыл жарты ай қоғамы" ҚБ. Қамту аймағы - Қарағанды облысы.

Қоғамдық бірлестік жобада жұмыс істейтін 112 еріктімен келісімге қол қою жұмысын жалғастыруда. Олардің ішінде 62 ерікті үшін төтенше жағдайлар бойынша 3 оқыту семинары өткізілді. Сондай-ақ, тұрғындар арасынан мобильді командаларға қолдау көрсететін топтар құрылуда. Мобильді командалардың күшімен тұрғындарға қауіпсіз аймақта өмір сүру дағдылары мен білім беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Униформа тігіліп жатыр. Жақын арада «Қызыл Жарты Ай Қоғамы» қоғамдық бірлестігі арнайы әзірленген әдістеме бойынша еріктілер арасында семинар-тренингтер өткізіп, төтенше жағдайлар туралы дайындалған үлестірме мәліметтерді таратады. Сондай-ақ, мобильді командаларын қолдау топтарын құру және тұрғындар арасында қауіпсіз өмір сүру дағдыларын насихаттау бойынша жұмыс жалғасады.

6. "Қазақстанның медициналық жастары" ҚБ. Қамту аймағы - Шымкент қ. және 14 облыс.

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Көкшетау мен Қарағанды ​​қалаларында еріктілер мектебінің оқушылары үшін ашылу және таныстыру сабағы өткізілді. Сабақты шақырылған маман-терапевт Тілеубек Нұридин Талғатұлы өткізді. Ол карантиндік ауруханада және жедел еріктілер штабында төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген тәжірибелі медициналық ерікті. Сабақ барысында шақырылған маман-терапевт жобаның өзектілігін атап өтіп, қатысушыларды жұмыс жоспарымен таныстырыды. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып сессиялар Cisco Webex сайтында ұйымдастырылды. Жобаның ұйымдастырушылары теориялық блок практикалық қызметпен тығыз байланысты болу керек деп есептейді. Сондықтан қазіргі уақытта оңтүстік және батыс аймақтардың үздік медициналық мекемелерімен келіссөздер жүргізілуде. Осы жылдың соңына дейін Ақтөбе, Тараз, Талдықорған қалаларында медициналық еріктілер мектебін ашу жоспарлануда. Өңірлерде серіктестер табу бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатыр. Еріктілердің денсаулық сақтау мекемелері жүргізетін профилактикалық іс-шараларға қатысуы қарастырылуда. Еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында орналасқан медициналық мекемелері жобаға қызығушылық танытып жатыр. Бірлескен жұмыс нәтижесінде сол аймақтарда ерікті дәрігерлер базасы құрылды.

Поделиться страницей: